Алматыда сәуірдің 20-21 күндері Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Спорт жәрмеңкесі өтеді. Бұл – жыл сайын Алматы Марафоны аясында өтетін нағыз спорттық экспо. Жәрмеңкеде қатысушыларға 14 мыңнан астам сөрелік жиынтық беріледі.

30 компаниядан тұратын эскпоненттер стенді: ең үздік спорт тауарларын өндірушілер мен дистрибьютерлер, қызмет көрсетулер, өзге марафондар мен спорттық жарыстардың өкілдерінен бөлек, алаңда түрлі ақпараттық дәрістер өтеді. Дәл осы жерде дұрыс тамақтану аймағы ашылып, спорттық медицина мамандарынан кеңес алу ұйымдастырылады. Шара елдің бас сөресі қарсаңында үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.  

Спорт жәрмеңкесінің басты ережесі  - барынша көп белсенділік таныту! Шарада функционалдық тренинг, дуатлон, group-cycle және йога бойынша шеберлік сыныптары мен шағын жарыстар да өтеді. Жәрмеңке экспоненттерінің стендінде байқаулар мен акциялар ұйымдастырылады.

Спорттық жәрмеңкенің басты аймағы – Алматы марафоны қатысушыларына сөрелік жиынтықтарды беру. Тек осы екі күн ішінде 14 000 қатысушы өз жинақтарын алып кете алады.

«Биыл Спорттық жәрмеңке үшінші жыл қатарынан өткелі отыр. Біз экспоненттердің және келушілердің тарапынан шараға деген қызығушылықтың артқанына куә болып отырмыз. Биыл дәрістер көбейіп, шеберлік сыныптары да артты. Жалпы, алматылықтардың әуесқой спортқа деген қызығушылығының артқаны байқалады. Жыл бойына біздің команда жүгіру, веложарыс, жүзу және өзге де спорттық шараларды өткізеді. Біз баршаңызды қуанышпен қарсы аламыз!», - дейді Алматы марафоны директоры Салтанат Қазыбаева.

Спорттық жәрмеңке сәуірдің 20 және 21 күндері Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. Жәрмеңкенің өту уақыты - 10:00-нан бастап 21:00-ге дейін. КІРУ ТЕГІН!

Спорттық жәрмеңкенің толуымен marathonexpo.kz сайтынан және  https://www.facebook.com/marathonexpokz/ Фейсбук парақшасынан біле аласыздар.

Жетінші Алматы Марафоны  2018 жылғы сәуірдің 22-де өтеді. Оның өтуіне байланысты қала жолдары жабылады. Бағыттарда алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады