Әрбір марафон жүгірушісі үшін еңсеретін қашықтықтың ыңғайлы болғаны маңызды. Алматы марафон командасы өткен жылғы қатысушылардың тілектерін назарға ала отырып, биыл спортшылардың жүгіруі үшін жаңа бағдар ашты.
Қашықтық бағдарының өзгеруімен бірге сөре-мәре қалашығының локациясы да жаңарды. Бұдан былай сөре мен мәре бір жерде – Республика алаңында (Сәтпаев көшесінің бойында) орналасады. Ересектер мен балалар бағдарды жоғарыға қарай қозғалыстан бастап (Назарбаев алаңымен жоғарыға), кейін төменге қарай жүгіреді (Әл-Фараби алаңы, Сайын көшесі, Шашкин және Манас көшелері) және тегіс жерде жүгірумен жалғастырады (Абай алаңы, Сәтпаев көшесі). Әрбір қашықтық үшін сөре уақыты әр түрлі болады!
Марафон кезінде сөре-мәре қалашығында ақпараттық-көңіл көтеру шаралары өтеді. Көңіл-көтеру бағдарламасы басты сахнада (стела жанында) өтеді және ол лайф-бэндтердің, жеке-дара әншілердің өнерін тамашалап, би флешмобтар, серіктестердің сыйлығы және ең бастысы – абсолютті ұпай жинағандар, барлық қашықтықтарды бағындырғандар мен Экиден командаларын марапаттау тәрізді шараларға қанық болмақ.
Сонымен бірге промо-аймақтарда Алматы марафоны 2018-дің барлық серіктестері ұсынылады. Бұл жерде сіздер Kaspi демалыс аймағына барып, ASU-мен шөл қандырып, Жапониялық ірі Omron компаниясының денсаулыққа арналған өнімдерін байқап көріп, марафоннан кейін Avene косметикасының термалды суымен балғындап, Snickers тойымды шоколадымен және стақандағы Hello Fruits жемістерімен әлденіп, Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының шахмат турниріне қатысуға және өзге де көптеген шараларды қызықтай аласыз. Сэлфиді жаны қалайтындар үшін біз серіктестерімізбен бірге көптеген қызықты фото-аймақтарды дайындап қойдық.
Осы жылдың жүгіруден ең үздік сайысы – Алматы марафоны 2018-ді жіберіп алма! Сіздерді сәуірдің 22-сі күні Республика алаңында күтеміз!
Бізбен бірге жүгіріп, мәреде жүгірушілерге демеу болыңыз!