Орталық Азиядағы ең ауқымды әуесқой спорт мерекесі  - Халықаралық жетінші Алматы марафоны өтті.

«Биыл біздің «Алматы марафон» 38 елден келген әуесқой жүгірушілерді жинады. Бүгін біз бірге жаңа жолды сынақтан өткіземіз», - деді мыңдаған жүгіруші мен жанкүйер алдында сөйлеген сөзінде Алматы марафонның негізін қалаушы, «Бірінші болуға батылдық» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Сонымен қоса, шараның салтанатты ашылуына бас серіктестер - Вячеслав Константинович Ким, бас кеңес төрағасы Миxаил Ломтадзе және Kaspi банк кеңсесінің төреғасы қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек марафонды ашық деп жариялады.

Дәстүр бойынша трасса 3 шақырым (10-14 жас аралығындағы балалар), 10 шақырым, 21,1 шақырым (жартылай марафон) және 42,2 (марафон) мен Скандинавиялық жүруден 10 шақырым қашықтықтарына бөлінді.

«Қаланың спорттық шараларына деген қызығушылық арта түсуде. Биылғы қатысушылардың қатары өткен жылғымен салыстырғанда 1 жарым мыңға көп. Тіптен, біз қатысуға ниет білдірушілерді тіркеуді ерте аяқтауға мәжбүр болдық. Қатысушылар шегі тіркеудің ресми жабылуына 1 жарым күн қалғанда толды. Біз баршаны маусымдық старттарға қошеметпен қарсы аламыз және спортшыларды тіркеуді соңына дейін қалдырмауға шақырамыз», - дейді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева. 

Биыл бастапқы жарна балалар онкологиялық хосписіне және дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған екі мектепке беріледі. Осы бастапқа жарнадан түскен ақшаға спорт алаңдары тұрғызылып, құрал-сайман сатып алынады. Бұған қоса, қайырымдылық жарналарына серіктестер бөлетін қаржы да қосылады. Осылайша, Алматы марафонының ресми суы – A’SU бренді жүгіруден ең ауқымды шара үшін пластик ыдыстар үшін арнайы жәшіктер дайындап қойды, барлық пластиктер қайта өңдеуге жіберіледі. Биыл әр бөтелкеден түскен 1 теңге ағымдағы қайырымдылық мақсаттарына бағытталады! 

Жарысқа спортшылар, үй шаруасындағы әйелдер, кеңсе қызметкерлері, студенттер, бизнесмендер, шоу-бизнес жұлдыздары, топ-менеджерлер, күллі отбасы мүшелері мен корпорациялар қатысады. Алматы марафоны тек спорт сүйер қауым үшін ғана емес, бүкіл бір ұйымдар үшін де көптен күткен елеулі оқиға болып отыр. Экиден командалық эстафетасына биыл рекордтық 99 команда қатысты. Тек Sulpak компаниясының бір өзі 6 командасын қатыстырды. Компания жетекшілері де қалыс қалмай, өз әріптестерімен бірге жүгірді.

Марафонның басталуына қатысты сөйлеген сөзінде Санофи Қазақстан басқарма төрағасы Ранга Веларатне (Ranga Welaratne) былай деді: «Санофи үшін Алматы марафонына қолдау көрсету дәстүрге айналды. Біз үшін бұл тек маңызды әлеуметтік жоба ғана емес, сонымен бірге үшінші жыл қатарынан қайырымдылық миссиясына үлес қосуымызға берілген мүмкіндік. Биыл Санофи жүгіру командасы 80 адамнан тұрады және олар Empowering Life деген ұранмен жарысқа қатысады. Бұл ұран компанияның өмірге ынталандыру, өмірге күш беру философиясымен сәйкес келеді әрі Алматы марафонының жеңістер мен салауатты өмір салтына ынталандыру деген басты идеясымен үндес».    

Жарыс мәресі мен марапаттау рәсімі Республика алаңындағы сөре-мәре қалашығында өтті. Марафон қашықтығын бағындырудан Михаил Красилов және Дана Айдосова теңдесіз жеңіпаздар атанып, 400 мың теңге көлемінде ақшалай жүлде алды. 

Марафонның барлық қатысушыларына естелік медальдар табысталып, жеңіпаздарға медаль, мақтау қағаздары және серіктестердің атынан сыйлықтар берілді. Олардың арасында Алматы марафонына ғана емес, барлық маусымдық жүгіру сайыстарына қолдау көрсетіп келе жатқан Орифлейм компаниясы, сонымен бірге Under Armour спорттық киімдер брендінің және т.б. сыйлықтары табысталды.   

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады