“Былтырдан бері Алматы марафоны іс-шаралары кестесіне жаңа жарыс қостық. Циклдік спорт түрлері танымал бола бастады және спортшыларды, соның ішінде триатлон старттарына дайындау мақсатында біздің команда енді Жүзу жарысын ұйымдастырып отыр. 2017 жылы сөреге барлық жастағы 150 қатысушы шықты. Биыл одан да көп спортшылар қатысады деп күтіп отырмыз. Жүзушілер үшін халықаралық стандарттарға сай жағдайлар жасалады. Біріншіден, қатысушылардың қауіпсіздігіне барынша жауапкершілікпен қарау. Екіншіден, қаладан және кері трансфер ұйымдастырылған. Үшіншіден, мұндай жарысты өткізуге керемет орын таңдалған. Әрине, біз қатысушыларды қызықты сыйлықтардан құр қалдырмаймыз. Әркім өз сөре нөмірі жазылған жүзуге арналған бас киім мен мәреші медалін алады” - Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева ұйымдастырушылық жұмыстар туралы айтқан сөзінде осылай деді.
Алматы марафонының жүзуден жарысы - Қазақстанда ашық суда өткізілетін сирек жарыстардың бірі. Ол Open Water World Tour халықаралық жүзу жарыстарының топтамасына кіреді. Жүзу жарысының жеңіпаздары OWWT рейтингілік жүйесінде ұпай алып, оны әлемдік біріншілікте қатысу үшін қолдана алады.
“Алматы марафоны командасы тек жүгіру емес, сонымен бірге ашық судағы жүзулер мен веложарыстар ұйымдастырады. Жүзу және жеңіл атлетиканың жүгіру қашықтықтары циклдік спорт түрлеріне жататындықтан, көптеген спортшылар барлық бұлшықет топтарын қатыстыра отырып, түрлі дисциплиналардан жаттығулар жасайды. Бұл жағдайда олар бір типті салмаққа үйреніп алмайды”- дейді Қазақстанның ашық суда жүзу бойынша жаттықтырушысы Николай Загриценко. “Кейбір сарапшылардың пікірінше, жүгіру мен жүзу жаттығулардың ең тиімді қосындыларының бірі. Жүгірушілер үшін жүзу – буындардағы салмақты кетіріп, бұлшықеттердің жалпы нығаюы үшін керемет тәсіл. Ал, жүзушілер үшін жүгіру дененің барлық бұлшықеттерін дамыта отырып, буындардың байланысын күшейтуге мүмкіндік береді. Сіз жеткілікті түрде жаттықсаңыз және Жүзу жарысының қашықтықтарынан қорықпасаңыз, онда шараға қатысып, қоржыныңызға жүзу жарысының тағы бір медалін салыңыз”.
Қатысушыларды тіркеу www.almaty-marathon.kz сайтында басталды және 2018 жылғы 26 маусымға дейін немесе қатысушылардың ең жоғары жалпы саны 200 адамға жеткенге дейін жалғасады.
Сөре жарнасы:
- 1000 м жүзу – 7 500 тг,
- 2000 м жүзу – 7 500 тг,
- 5000 м жүзу – 10 000 тг.
Жеңіпаздар әр қашықтықта төрт жас санаты бойынша анықталады: 18-34, 35-40, 41-50, 50+.
Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.