Осы жылы мерейтолы «Tour of World Class Almaty 2018» Веложарысқа шамамен 1000 қатысушы тіркелді. Сөре алаңына 3 қашықтық бойынша: 14 км (12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге) және негізгі 34, 57 км қашықтық аралығындағы қатысушылар шығады. Көптен күткен шара таңғы сағат 8-де Розыбакиев көшесінде орналасқан «Mega Alma-Ata» сауда орталығында басталады.
Соған орай, таңғы сағат 5.30 түскі 13.00 дейін Веложарыс өтетін көшелер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.
- «Осы жылы біз бесінші Веложарыс өткізгелі отырмыз. Мерейтойлы шараға еліміздің аймақтарынан ғана емес, шетелден келетінде қонақтарымыз көп. Бізге, ұйымдастырушылар үшін, ең бастысы ол қатысушылардың және шараның қауіпсіздігі. Осындай спорт жарыстарында жол жабылулары әлемдік тәжірибе. Сондықтан, біз барынша қатысушыларға, қала тұрғындарына ыңғайлы етіп бағыт жасадық. Алматылықтар түсінеді деген үміттеміз» - деп өз ойымен «Бірінші болу батылдылық» корпоративті фондының басшысы, «Tour of World Class Almaty 2018» Веложарысының ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева өз ойымен бөлісті.
Төменде көрсетілген көшелер жабылады:
Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 5.30-дан мерекелік шараның соңына дейін (13.00) жабылады.
Әл-Фараби көшесі – Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 06:00-дан 10:30-ге дейін жабылады.
Сайын көшесі – Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін (Жандосов, Шаляпин, Абай, Төле би, Райымбек батыр көшелері) 06:00-дан 11:30-ге дейін жабылады.
Рысқұлов көшесі – Сайын көшесінен Бауыржан Момышұлы көшелері арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
Ақын Сара және Ақ Қайнар көшелерінің арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
Ақ Қайнар көшесі – автоцонға дейін және Бұрындай полиция полкына дейін 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
«Tour of World Class Almaty 2018» Веложарысына байланысты қала жолдарының жабылу кестесі
5.30-13.00
|
Розыбакиев көшесі (Левитаннан Әл-Фарабиге дейін)
|
06:00-10:30
|
Әл-Фараби даңғылы (Розыбакиевтен Назарбаевқа дейін)
|
06:00-11.30
|
Сайын көшесі (Розыбакиевтен Рыскуловқа дейін)
|
08:30-12:00
|
Рыскулов даңғылы (Сайыннан Момышулы көшесінің бұрылысына дейін)
|
08:30-12:00
|
Ақын Сара көшесінен Ақ Қайнар көшесіне дейін
|
08:30-12:00
|
Ақ Қайнар көшесінен автоцонға дейін және Бұрындай полиция полкына дейін
|
Қала тұрғындары мен қонақтарын алдын-ала Веложарыс өтетін күнді жоспарлауды сұраймыз.