2018 жылғы 2 қыркүйекте «Алматы Арена» мұз кешенінде (Алгабас-1 ш/а) Алматы қаласы бойынша ІІ триатлон және балалар дуатлоны чемпионаты басталады. Бұл жас және жаңа бастаған спортшылар үшін өзін-өзі тексеруге, өз нәтижелерін жақсартуға керемет мүмкіндік.
Іс-шараның басталуы: 08.00. Марапаттау рәсімі: 13.00.
Ұйымдастырушылар: «Almaty Triathlon Federation» ҚБ, академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры, «Алматы Марафон», Алматы әкімдігі, «Алматы Арена», World Class Almaty, Дмитрий Гааг атындағы Триатлон мектебі.
Тіркеу: www.almaty-marathon.kz сайтында.Спортсмендерге арналған брифинг: «Алматы Арена», 2018 жылғы 1 қыркүйек, басталуы: 18.00
Чемпионатта екі дистанция мәлімделген:
1. Триатлон супер-спринт: жүзу 300 м, веложарыс 8 км, жүгіру 2 км.
2. Дуатлон: жүгіру 2 км, веложарыс 8 км, жүгіру 1 км.
Жас мөлшері санаттары:
Дуатлон:
7–9 жас
10-12 жас
Триатлон:
13-15 жас
15-17 жас
18-20 жас
21-23 жас
Чемпионат мақсаты:
- Триатлонды, сонымен қатар оған кіретін спорт түрлерін: жүзуді, велоспортты және жүгіруді дамыту және насихаттау
- Атлеттердің шеберлігін арттыру
- Бұл спорт түрі үшін дарынды балаларды анықтау
- Триатлон бойынша Алматы құрама командасын құру.
«Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігі триатлонды және циклдік спорт түрлерін дамыту үшін 2017 жылы құрылған. Біздің миссиямыз – Алматы қаласында және Алматы облысында кәсіби триатлонды дамытуға және көпшілік триатлонды насихаттауға жәрдемдесу.
Триатлон – бұл оның қатысушылармен үш кезенді: жүзуді, веложарысты және жүгіруді үздіксіз және бірізді өтуден тұратын мультиспорттық жарыс. 2000 жылдан бастап триатлон Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіреді.
Триатлон жайлы қызықты фактілер:
- 2017 жылы ішінде триатлон бойынша әртүрлі дистанцияларда бүкіл әлем бойынша 210 мыңнан астам адам қатысты.
- Қазақстан Республикасында спорттық резервті дайындау бойынша 26 триатлон бойынша жаттықтырушы жұмыс істейді.
- Триатлонмен әртүрлі кәсіп иелері айналысады: Дженсон Баттон, Формула-1 жарысушысы, Александр Винокуров, олимпиадалық чемпион және «Астана» велокомандасының бас менеджері, Кәрим Мәсімов, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Дженнифер Лопес, америкалық әнші және әртіс және де көптеген адамдар.
- 1985 жылдан бастап Халықаралық ұйым 3-тен 15 жасқа дейінгі балаларға арнайы IRONKIDS жарыстарды өткізеді.