Ерте ме, кеш пе әр ата-ана баласын қандай да бір спорт үйірмесіне беру туралы шешім қабылдайтын кез келеді. Спорт тек төзімділік пен физикалық дайындықты арттыруға ғана көмектесіп қоймай, сонымен бірге жауапкершілікті бойға сіңіруге мүмкіндік береді. Алматы марафоны командасы «Балаңыздың қандай спорт түрімен айналысқанын қалар едіңіз» тақырыбына 1000 адамға сауалнама жүргізген еді.

Сұралғандардың көбі, яғни 57 пайызы ер адамдар болып шықты.

Бала психологиясы саласының мамандары баланың өз қалауына назар аударуға кеңес береді. Жаттығу үрдісі балаға қызық болмаса, оның ынтасы болмайды. Ал, кейде бала қай спорт түрін таңдау қажеттігін білмей, жаңа таңсық үйірмеге барғысы келеді. Сол кезде ата-ана баланың мінезі мен оның физикалық дамуына қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс.

Біз балалар футболмен, ал қыздар бимен айналысуы тиіс деп есептейміз. Алайда, заманауи ата-аналар спортты мүлдем басқа өлшемдеріне қарай таңдайды.

Спорт балаларға физикалық, ақыл-ой және коммуникативтік белсенділіктің ең оңтайлы қарым-қатынасын табуға мүмкіндік береді. Басты шарт – балаға өзі айналысатын ісі ұнауы тиіс. Спорт түрлерінің көп екенін есте сақтап, балаға өзіне ұнайтын үйірмені таңдауға жағдай жасау қажет.

Сауалнама көптеген ата-аналар үшін спорттық үйірмелерді таңдаған кезде, өзгелердің оң пікірлері мен жаттықтырушылардың тәжірибесінің маңызды екенін көрсетті. Екінші орында үйірменің орналасқан жері, үйге, жұмысқа, балабақшаға немесе мектепке жақын болуы есепке алынады.

«Қандай да бір үйірмені таңдаған кезде, баланың денсаулық жағдайы мен оның пікірін назарға алған дұрыс. Ең дұрысы, жаттығу басталмас бұрын бала ағзасына түсетін салмақ туралы педиатрмен, осы спорт түрі бойынша маманмен кеңескен жөн. Мұндай кеңесу ата-аналарға дұрыс шешім қабылдауға, сонымен бірге, алдағы уақытта баланың денсаулығына зиян келтірмеуге көмектеседі.

 

Спортпен шұғылдану арқылы бала өз ойын жеткізуге және мақсаттарын іске асыруға, өз денесін сезінуге және жүйрік, төзімді болуға үйренеді» - дейді велоспорт бойынша республикалық жарыстардың көп дүркін жүлдегері, балаларға арналған велосипедтік спорт түрлері бойынша мектептің жаттықтырушысы Никита Федотовских.  

 

Зерттеу кезеңі: 17 шілде 2018 - 27 тамыз 2018 ж.

908 адам сұралды

Өңір: Қазақстан

 

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады