Алматы жартылай марафоны кезінде жарысқа қатысқан астаналық 18 жастағы Максим Королев қайтыс болды. Марқұм Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматыдағы филиалының студенті еді. Максимге жанкүйер болып келген курстас достарының айтуынша, қайтыс болған жігіттің күрес және жауынгерлік самбодан Қазақстанның спорт шеберіне үміткер, кростан қалалық спартакиаданың жүлдегері (1-орын) болғаны анықталды. Куәгерлердің сөзінше, ол Абай көшесімен жүгіріп келе жатып, мәреге бір орам жақын қалғанда өзін нашар сезінген. Оқиға орнына үш минуттан кейін келген жедел жәрдем бригадасы жігіттің қайтыс болғанын мәлім етті. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, жас жігіттің неліктен қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды. Оның қорытындылары алдағы уақытта оның туыстарына хабарланады. Шара ұйымдастырушылары марқұмның туыстарына хабар беріп, көңіл айтты, ата-анасына Алматыға жетуге көмектесті.

«Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева жарыс кезінде әрқашан ІІД қызметтері және жедел жәрдем станциясымен барлық бағдарлар мұқият қарастырылатынын, әр тамақтану пунктінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге дайын медициналық персоналдың орналастырылатынын мәлімдеді. «Алайда, осы қайғылы оқиғадан кейін біз спортшылардың жарысқа қатысу талаптарын күшейтеміз», - деді С.Қазыбаева.

«Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры марқұмның тума-туыстарына көңіл айтады.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады