RUN in … «Алматы марафонының» ұйымдастырушылары Нью-Йорк пен Амстердамда: әлемнің ең ірі марафондары жайында
Артём Якупов: «Менің жанымда адам көп, 50 шақырымды жүгіріп өттім, дегенмен тоқтай алар емеспін. Керуетке жеткенде ғана шаршағанымды сездім. Довлатов дұрыс айтқан екен. Мен де Маруся тәрізді Нью-Йоркті басында оқиға, концерт және көрініске теңеп , тек бір айдан соң оны қала ретінде көрдім. Нью-Йорк – бұл эмоциялар отшашуы».
2018 жылдың 4-қарашасында «Алматы марафоны» командасының мүшесі және тәжірибелі жүгіруші Артём Нью-Йорктегі жыл сайынғы марафонда жүгірді. Әлемдегі ең ірі жүгіру жарыстарының бірі TCS New York City Marathon америкалық Бостон және Чикаго марафондарымен бірге World Marathon Majors топтамасына кіреді. Онда рекордтық 52 812 қатысушы мәреге жетіп, ал қала көшелерінде жарысты 2 млн адам тамашалады.
Нью-Йоркте ең есте қалатыны…
…- жанкүйерлердің көңіл-күйі. Мен оларға соншалықты таңғалдым, өйткені жанкүйерлерді көпірден өзге жолдың барлық бөлігінен көрдім. Яғни, олардың қолдауы мейлінше сезілді! Қуаныштан айқайлап, ынталандыратын және күлкілі баннерлер ұстап, ырғақты әуен қосу арқылы адамдар барынша қолпаштап, спорттық мерекенің көңіл-күйін сыйлауға тырысты. Жанкүйерлердің барлығы - марафонға үлес қосуды қалап, қолдау көрсеткісі келген қала тұрғындары, қатысушылардың жақындары мен дос-жарандары».
Жолдардың жабылуы жайында…
Марафон Статен-Айленд аралынан басталып, кейін марафоншылар жарыс кезінде автокөліктер үшін толықтай жабылған Верразано көпірімен жүгіріп өтеді. Марафон бағыты Нью-Йорктің барлық ауданы арқылы өтеді (Бронкс, Квинс, Бруклин, Стейтен-Айленд и Манхэттен). Ал, мәре Манхэттендегі танымал «Tavern on the Green» мейрамханасына қарама-қарсы орналасқан.
Үшінші жыл қатарынан «Алматы марафонының» ұйымдастырушысы бола отырып, мен біздің команданың алдында кездесетін барлық жайттарды байқаймын. Нью-Йорктің бес ауданында жарыс басталған сәттен бастап түнге дейін көшелер жабылды. Бұл кезеңде осы аудандарда тұратын адамдардың ренішін немесе ашуын байқаған жоқпын. Тіптен, бірде-бір жағымсыз пікір болған жоқ. Барлығының жүзінен қуаныш байқалады, біреулері жүгіріп жүр, енді біреулері жанкүйер болса, ал өзгелері жай өтіп бара жатады. Барлығы біріне-бірі түсіністікпен қарап, қолдау көрсетті. Қоғамның мұндай қарым-қатынасы мен үшін Эйнштейннің кванттық физиканы ашудағы әсерімен тең. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Халықтың менталитеті және бұқаралық спортқа деген көзқарасы таңғалдырып, ынталандырады.
Әрине, бірден бұлай болған жоқ. Алғашқы жылдары Нью-Йорк тұрғындары қаланың басты жолдарының жабылуына қарсы шығып, ал уақыт өте келе бұған деген көзқарастарын өзгертті. Бүгінде марафон бұл жалпықалалық мереке және демалысқа айналды!
Он мыңдаған қатысушы мен миллиондаған жанкүйердің қауіпсіздігі…
Қатысушылар мен жанкүйерлердің ауқымы мен санына қарамастан, Нью-Йорктегі қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде қамтылған. Жүк сақтау камерасына заттарды тек олар берген арнайы түссіз пакетке салып тапсыру қажет, сондай-ақ қауіпсіздік қызметінің бақылауымен барлығы металл іздегіш құрылғының астынан өтуі міндетті. Биыл ұйымдастырушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлерінің санын көбейтті. Полиция қызметкерлері трассадағы тәртіпті бақылап қана қоймай, сонымен бірге олар шатырлардан да қауіпсіздікті қадағалап жүрді.
«Мен осы сапардан үлкен шабыт алдым. Әлемнің өзге де қалаларында енді қайтіп мұндай әсерге бөленетін сәттер туа ма екен? Нью-Йорк, сен керемет қаласың» - дейді Артём.
_______________________________________________________________________________
Еуропадағы таңдаулы және ең жарқын жүгіру жарыстарының қатарына Амстердам марафоны кіреді. Биыл 21-қазанда өткен жыл сайынғы жарысқа әріптестеріміз – «Бірінші болу – батылдық» қорының операциялық директоры Құралай Ермекбаева мен маркетинг жөніндегі менеджері Никита Кожемяко қатысты.
Спорттық Амстердам…
Құралай: Амстердамды мен әркез өз құпиялары мен аңыздары бар әдемі тарихи қала деп есептейтінмін. Алайда осы сапарымда қала маған өзге спорттық қырынан көрінді. Амстердам марафонына биыл әлемнің түрлі елінен 45 000 қатысушы барды. Жүгіруді жақында бастағандықтан, мен 8 шақырым қашықтықты таңдадым. Марафонның өзі жүйелі түрде тез өтеді. Жарыстың сөресі мен мәресі дәстүрлі түрде Олимпиада стадионының ішінде орналасты. Ал, қашықтықтарын жүгіріп өткеннен кейін қатысушылар осы ғимараттың ішінде киімдерін ауыстырып, тамақ ішіп, бір-бірімен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Бұл бір спорттық кешке ұқсайды.
Амстердам марафонындағы ең ыңғайлысы және пайдалысы …
Никита: Мен үшін қашықтықты ойдағыдай еңсеруге қатысушының бағдар картасы үлкен рөл атқарды. Құралай екеуміз түрлі уақытта сөреге шықтық: мен 21 шақырым қашықтыққа түстен кейін жүгірсем, ал Құралай таңертең шықты. Бағдар картасы маған ең жақсы жол көрсетуші, ең жақсы дос, қалада ең жақсы гидке айналды, тіптен оның тамақтану орындарын табуға мен үшін көмегі зор болды (күледі). Онда жедел жәрдем пункттері, су ішу, тамақтану мен музыка, метро және көрнекті орындар тәрізді барлық қажетті ақпарат көрсетілген. Шетелдіктерге көмекке келетін таптырмас карта.
Назар аудартатыны…
Қала ішінде марафонның баннері жапсырылған трамвайлар қатынап, сөреге қарай бағытты көрсететін және қашықтықты өтетін жолда қалай қарау жүгіру қажет және неше шақырым қалғанын көрсететін ақпараттық бағаналар қойылған. Стадионға жақын жерде ұйымдастырылған Экспода экспоненттерге арналған жекелеген залдар болды.
Ең таңдандырғаны…
…- бұл спорттық көрмеде әркімнің тілек жазып қалдыруына арналған қабырға. Біз бұл жерге өзіміздің «Алматы марафонынан» «сәлем» айттық :)
Дәл осы спорттық көрмеде әрбір адам түрлі үш фонда естелік суретке түсе алды. Өзіңізді суперқаһарман ретінде сезінуге берілген жақсы мүмкіндік.
Бұл - екі марафонның ең қызықты тұстарының аз ғана бөлігі. Бізді әлеуметтік желілерде оқып, көптеген қызықты мәліметтерге қанық болыңыз! Жаңа жарыстар мен қалалардан шабыт алыңыз!
Сәуірде сегізінші «Алматы марафоны» өтеді. Шараға тіркеліп, алуан түрлі эмоция алып, 2019 жылдың ең жарқын сөрелеріне дайын болыңыз.