Достар!

Жаңа жылда сіздерге арнап жаңа опция дайындадық. Бұдан былай сіздер жарыс аясында өз шақырымдарыңызды еңсеріп қана қоймай, сонымен бірге жинай аласыздар.

Шақырым неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жоғары мәртебеге ие боласыздар. 2019 жылдың нәтижесіне сай ең жоғары ұпай (шақырым) жинаған қатысушылар “Алматы марафонынан” тосын сыйлар мен артықшылықтарға ие болады.

Қазірдің өзінде сіздер 2018 жылдың нәтижесіне сай құрастырылған рейтинг бойынша келтірілген мысал арқылы оның қалай болатынын сайттан көре аласыздар.

Қатысушының жеке кабинетінен 2018 жылғы мәртебеңізді тексеруге болады.

2018 жылғы мәртебелер былайша бөлінді:
• 80 және одан да көп км – Regular,
• 140 және одан да көп км – Advanced,
• 275 және одан да көп км – PRO.
* 2019 жылы мәртебелерді тағайындау километражы кейін мәлім етіледі.

«Алматы марафоны» мен Алматы жартылай марафонында еңсерілген шақырымдар көтеріңкі коэффициентпен есептеледі:
Алматы марафоны – 2,
Алматы жартылай марафоны – 1,5,
Қалған іс-шаралар – 1.

Демек, сіз «Алматы марафонында» 10 шақырым қашықтыққа жүгірген болсаңыз, онда сіздің рейтингке 10 км * 2 = 20 ұпай қосылады.

Рейтингтің көмегімен сіздер өз жетістіктеріңізді қадағалап, сізге қандай оқиғалардың қызықты екенін және белгілі бір деңгейге жету үшін не қажет екенін бақылай аласыз.

Алайда, мәртебеге ие болуға талпыныстарыңыз сіздердің физикалық хал-жағдайыңыз бен денсаулығыңызға нұқсан келтірумеу керек! Міндетті түрде медициналық тексерістен өтіп, өз ағзаңызға көңіл бөліңіздер!

Жарыстан кейін де әуесқой спортшылар арасындағы бәсекелестік рухын сақтау маңызды!

Jañalyqtar
Рекордтар жылы: City Run 2025 жылдың ең ірі жүгіру маусымын қорытындылады
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты
Трассадағы гидратация және тамақтану: нені білу қаже?