Әрқашан биікте!
Статистикаға сай ұшақ – бұл көліктің ең қауіпсіз түрі. Жолаушылардың қауіптенуіне қарамастан, әуе транспорты жер үсті көліктеріне қарағанда мың есе сирек қатардан шығады.
Жолаушылардың қауіпсіздігі – әуе компанияларының, жекелеп айтсақ, «Алматы марафонының» ресми тасымалдаушысы «Air Astana» компаниясының міндеттемелеріндегі басты пункт.
Елдің ең ірі «Air Astana» әуе компаниясы және біз үшін қатысушылардың қауіпсіздігі басты назарда.
Біз серіктестік үшін ең үздіктерін таңдаймыз және екі жыл бойы «Алматы марафоны» «Air Astana» әуе компаниясының қолдауымен өтіп келеді.
«Air Astana» әркез уақытпен бірге жүріп, әлемдік трендтерге ілесіп, елдегі ең жарқын және маңызды шараларға қолдау білдіреді. «Алматы марафоны» - екі компанияның ойлары, идеялары мен іс-әрекеттері сәйкес келетін жоба. Ең алдымен қауіпсіздіктің болуы маңызды. «Air Astana» үшін жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды болатындай, «Алматы марафоны» үшін қатысушылардың қауіпсіздігі басты назарда. «Air Astana» мен «Алматы марафоны» өз тарапымыздан тұтынушыларға қажетті қызмет көрсетеміз, дегенмен, жолаушылар мен жүгіру жарыстарына қатысушылар ұшу/жүгіру кезінде әдеп сақтау және әрқашан денсаулыққа назар аудару қажеттігін ұмытпауы тиіс.
«Air Astana» - Қазақстандағы ең ірі, беделді әуе компанияларының бірі. Мұның себебі 15 жыл ішінде компания 604 ішкі және сыртқы бағыт бойынша ұшақ рейстерін аттандыруында ғана емес. Сонымен бірге ол төртінші мәрте қатарынан өңірлер әуе компаниялары арасында бортта жолаушыларға ең үздік қызмет көрсеткені үшін титул алды. . «Air Astana» - Skytrax халықаралық агенттігінің 4 жұлдыз рейтингіне ие болған Қазақстандағы бірден-бір компания, IOSA халықаралық әуе транспорты қауымдастығының операциялық қауіпсіздігі бойынша бесінші мәрте аудиттен сәтті түрде өтті және Еуропа елдеріне ұшуға рұқсат берілген ұшақтары бар бірден-бір компания.
Әуе компаниясы өзі дами отырып, өз қызметкерлерінің жетілуіне көмектеседі. Кез келген адам жүгіру жарыстарына қуанышпен қатысады, ал оларды кәсіби жаттықтырушылар дайындайды. 2018 жылдың өзінде «Air Astana» командасынан сөреге 6 адам шықты.
Әр үш ай сайын «Air Astana» қызметкерлері толық медициналық тексерістен өтіп, жаттығу залдарына тегін абонементтер алады. Компания әр қызметкерінің денсаулығына жауапкершілікпен қарайды, сол себепті «Алматы марафонын» қолдау көрсеткенді жөн деп тапты. Оның үстіне, «Алматы марафонының» маусымдық жүгіру жарыстарына қатысатын «Air Astana» қызметкелерінің саны жыл сайын артып келеді. Бұл марафонға қатысқан 5-6 адамның өзгелеріне үлгі бола білгенін көрсетеді. «Air Astana» компаниясының осындай кең ауқымды спорттық шараға көрсетіп жүрген қолдауының маңызы зор.
Марафонға әлемнің түкпір-түкпірінен (Қазақстаннан өзге) қатысуға тіркелген әр қатысушы үшін «Air Astana» арнайы бағдарлама дайындады, бұған төмендегілер кіреді:
- эконом және бизнес класқа қолжетімді тарифтен 15% пайыз жеңілдік ;
- «Стоповер Холидейс» бағдарламасы аясында қонақүйге орналастыру (3 түн) , бұған таңғы ас пен трансфер (әуежай-қонақүй-әуежай) кіреді. Өтінім бойынша қалаға қосымша турлар ұйымдастыруға болады.
Қазақстанға визасыз қатынай алатын елдердің ауқымды тізімі арқасында спорттық шараға қатысу жеңілдей түсті.
Ең жүйрік марафоншылар тағы бір жағымды тосынсыйға ие болады. 42 шақырым қашықтыққа жүгіру жеңіпаздарына (ең жүйрік ер адам мен ең жүйрік әйел) кез келген бағытта екі жаққа билет сыйға беріледі.
"Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздерге «Алматы марафоны» әуе-спорттық кемесінің командасы сөйлеп тұр. Біздің ұшағымыз 21-сәуірде ұшуға дайын!
Ыңғайлы спорттық аяқ киім таңдап, медициналық тексерістен өтіп, тізелеріңізді ретке келтіріп, терең демалып, өз қашықтығыңызды еңсеруге дайындалыңыз! Сіздерге ұмытылмас саяхат уәде етеміз! Біздің компанияның қызметтерін қолданғаныңыздар үшін рахмет.