2019 жылдың 16-наурызында Баум тоғайында «Алматы марафонына» дайындық шеңберінде маусымның екінші сөресі – Көктемгі жүгіру жарысы өтеді.
1 200 әуесқой жүгіруші төмендегі екі қашықтыққа жүгіреді:
- 13 км (негізгі);
- 3 км (балалар қашықтығы).
Көктемгі жүгіру жарысының жас санаттары:
13 км: 15-34 жас; 35-49 жас; 50+.
3 км: 10-14 жас.
Сөре уақыты:
9:00 - 3 км қашықтыққа жүгіру
9:30 - 13 км қашықтыққа жүгіру
Абсолютті есептегі жеңіпаздар, 13 км жүгіруден ең жүйріктері алқа және ақшалай сыйлықтармен марапатталса, ал өз жас санаттарында алғашқы үш орынға ие болған жүгірушілер серіктестерден алқалар мен сыйлықтар алады. Әр мәреші естелік алқаларға ие болады.
Қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 25-ақпанда басталып , 2019 жылғы 10-наурызда немесе қатысушылардың жалпы саны 1200 адамға жеткенге дейін жалғасады.
- Біздің міндетіміз сөрелерді сапалы түрде жүргізіп қана қоймай, спорттық жарыстарға қатысу мәдениетін тәрбиелеу. Кейде жарыстарға тіркелу санаулы күндерде жабылуы мүмкін. Халықаралық сөрелерде де қатысуға слоттар тіркеу ашылғаннан кейін алғашқы сағаттарда таусылып қалып жатады. Сол себепті спортшының тіркелу және төлем жасау процедураларын өзі қадағалағаны маңызды. Бұл көп күткен жарысты өткізіп алмауға мүмкіндік береді.
Биылдың маусымдық жүгіру жарыстарының басты ерекшелігі – төрт жарысқа (Қысқы, Көктемгі, Жазғы, Күзгі) қатысу нәтижесі бойынша бір пирамидаға жинай алатын мәрешілер алқасының болуы.
Сонымен бірге «Алматы марафоны» шарасына дайындық аясында әр сенбі сайын сағат 10.00-де Тұңғыш Президент Саябағында ашық жаттығулар өтеді. Қатысу тегін.
Қысқы жүгіру жарысының ұйымдастырушылары – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.
Бас серіктес – Kaspi.kz.