2019 жылы 21 сәуір күні Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды оқиға – «Алматы марафоны» өтеді. «Алматы марафонының» ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры биыл қатысушыларды не күтіп тұрғанын айтып берді.

«Алматы марафоны» сегізінші мәрте Алматы қаласының әкімдігі, бас серіктес Kaspi.kz, құрметті серіктес Sulpak және өзге де серіктестердің қолдауымен өткелі отыр.

 Қазақстанның 17 аймағы мен 53 елден келетін қатысушылар

Осы жылы сөреге ең көп қатысушы, 17 мың спортшы шығады, олардың 10 пайызы - әлемнің 53 елінен келген шетелдік жүгірушілер. Қазақстандықтармен бірге жарысқа Қырғызстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Украина, Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ пен өзге де елдердің атлеттері қатысады. Биыл еліміздің әрбір қаласында, сонымен қатар Бішкек пен Ташкентте аймақтық амбассадарлар таңдап алынды. Олар – өз қаласында және тіптен өз елінде жүгіруді насихаттап жүрген спортшылар. Әрбір амбассадор қалада жиі ашық жаттығулар өткізеді, адамдарды жүгіруге ынталандырып, техниканы қоюға көмектеседі, тамақтану туралы кеңестермен бөлісіп, жарыстарға команда жинақтайды. Биыл әрбір амбассадор 40 адамнан құралған командасымен келеді.

Жаңа бағыттар

«Алматы марафонына» қатысушылар дәстүрлі түрде мына қашықтықтарға жүгіре алады:   42 км; 21 км;  10 км (жүгіру және скандинавиялық жүріс); 3 км (10-14 жас) және Экиден эстафетасы (42 км 195 м команданың 6 қатысушысы үшін 6 қысқа қашықтыққа бөлінген).

Биыл 10 км бағыты өзгеріп, енді марафоншылар, жартылай марафоншылар мен 10 км жүгіруге қатысушылар мәреге дейін кездеспейді. Сонымен бірге жаңашылдықтар 3 км балалар қашықтығына да енгізілді. Оған қатысушылар тек тігінен Сәтпаев көшесінен Орталық стадионға дейін және кері қарай Республика алаңындағы мәреге дейін жүгіреді.

Барлық бағыттарды: https://www.almaty marathon.kz/ru/events/almaty_marafon_2019/bagyit_syizbasyi/ сайтынан көре аласыздар.

Трассадағы медициналық көмек

Трассада медициналық көмек көрсету күшейтілген. Жедел жәрдем көліктерінің саны артып, сонымен бірге трассада 5 веломедик жүреді. Медициналық серіктес OnClinic клиникасы бағыт бойынша дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсететін 7 шатыр орнатады. Дәстүрге сай медициналық шатыр сөре-мәре аймағында да болады.

Қатысушыларға Алматы марафоны кезінде сақтандыру алу мүмкіндігі де беріледі: https://www.kupipolis.kz/marathon

Барлық күш – қолдауда

Биыл жүгірушілерді қолдауға айрықша назар бөлінеді. Трассада бірнеше музыкалық пункт, жанкүйерлерге арналған локациялар орнатылады. Трассадағы музыканттар, барабаншылар, футбол жанкүйерлері мен комментаторлар, чирлидерлер, плакаттар мен бейнероликтер – осының бәрі арқылы жүгірушілер биыл нағыз қолдауды сезінеді. Сахнада ауқымды ойын-сауық бағдарламасы әзірленген. «Алматы марафонының» хэдлайнері танымал қазақстандық әнші Марсель болмақ. Сонымен қатар қонақтар үшін муызкалық және би ұжымдары өнер көрсетіп, сыйлықтар ойнатылып, жеңіпаздар марапатталады.

Экожауапкершілік

2018 жылы Алматы марафонында A’SU бренді пластик бөтелкелерді қайта өңдеуге арналған урналар орнатты. Былтырғы іс-шараның нәтижесінде жарты тоннадай  пластик жиналған. Биыл урналардың саны артып, қалалық экобелсенділермен темір бөтелке мен шыны жинауға арналған урналарды орнату жайы талқыланып жатыр. Ұйымдастырушылар қатысушыларды қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар мәселесіне жауапкершілікпен қарауға үндейді.

Қайырымдылық мақсаттары

Мамырда қатысушылардың сөре жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігіне «Алматы марафоны -2019» қайырымдылық мақсаты ретінде таңдалған үш балалар мекемесінде спорт алаңдарын тұрғызу басталады. Қайырымдылық мақсаттары туралы толығырақ https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/charity/ сайтынан біле аласыздар.

Шара ұйымдастырушылары  – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады