21- сәуірде «Алматы марафонының» өтуіне байланысты Алматыда көшелердің бір бөлігі жабылады
21-сәуірде «Алматы марафоны» жарысының өтілуіне байланысты сағат 5.00-ден 14.00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдар қозғалысы жартылай тоқтатылады.
«Алматы марафонының» ұйымдастыру комитеті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын жарыс өтетін күні жолдардың жабылуы жайлы ескертеді.
21-сәуірде «Алматы марафоны» жарысының өтілуіне байланысты сағат 5.00-ден 14.00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдар қозғалысы жартылай тоқтатылады.
Сәтпаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін қозғалыс 20.04.19 күні сағат күндізгі 2.00-ден бастап 21.04.19 күні сағат 17.00-ге дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады.
Назарбаев даңғылы бойымен Сәтпаев көшесінен бастап Әл-Фараби дағылына дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады.
Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Достық көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 09:30 дейін тоқтатылады. Барлық қозғалыс толықтай жабылады.
Әл-Фараби даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан бастап Шашкин көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 12:00 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Сайын көшесімен қозғалыс Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 05:00 бастап 13:30 дейін тоқтатылады. Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Абай даңғылынан Сайын көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесінде Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс сағат 05:00 бастап 14:00 дейін тоқтатылады. Солтүстік бөлігі автокөлік үшін ашық болады.
Шашкин көшесінде Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесі Шашкин көшесінен бастап Байзақов көшесіне дейін, Байзақов көшесі Тимирязев көшесінен бастап Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесі Байзақов көшесінен бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін 05:00 бастап 10:35 дейін жабылады. Барлық қозғалыс толықтай жабық болады.
«Алматы марафоны» 2019 кезінде жолдарды жабу кестесі (20-21.04.2019)
20-21 сәуір |
|
20.04.19 сағат күндізгі12.00 бастап 21.04.19 сағат 17.00 дейін |
Сәтпаев көшесі (Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін) |
21-сәуір |
|
05:00 бастап 09:30 дейін |
Әл-Фараби даңғылы (Назарбаевтан бастап Достыққа дейін) |
05:00 бастап 10:35 дейін |
Шашкин көшесі (Әл-Фарабиден бастап Тимирязевқа дейін) Тимирязев көшесі (Шашкиннен бастап Байзақовқа дейін) Байзақов көшесі (Тимирязевтен бастап Сәтпаевқа дейін) Сәтпаев көшесі (Байзақовтан бастап Байтұрсынұлына дейін) |
05:00 бастап 12:00 дейін |
Назарбаев даңғылы (Сәтпаевтан бастап Әл-Фарабиге дейін) Әл-Фараби даңғылы (Назарбаевтан бастап Шашкинге дейін) Оңтүстік бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық |
05:00 бастап 13:30 дейін
|
Әл-Фараби даңғылы (Шашкиннен бастап Сайынға дейін) Оңтүстік бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық Сайын көшесі (Әл-Фарабиден бастап Абайға дейін) Батыс бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық |
05:00 бастап 14:00 дейін |
Абай даңғылы (Сайыннан бастап Байтұрсынұлы көшесіне дейін) Солтүстік бөлігі а/т қозғалысы үшін ашық Байтұрсынов көшесі (Абайдан бастап Сәтпаевқа дейін) Сәтпаев көшесі (Байтұрсынұлы көшесінен бастап Желтоқсанға дейін) |
Жолдарда қарбаластың болуына байланысты марафон қатысушыларына сөре орнына (Республика алаңы) Абай даңғылы арқылы метромен немесе Абай даңғылы арқылы автобуспен (қозғалыс солтүстік жағымен) жетуге кеңес береміз. Сөре-мәре қалашығы жанында (Республика алаңы) көлікті тұраққа қалдыруда қиындықтар болатынын ескертеміз.
Алматы тұрғындары мен қонақтарын 20-21-сәуір күндерін алдын ала жоспарлауды және түсіністікпен қарауды сұраймыз.