Қатысушылар 200 м, 500 м және 3 км қашықтықтарды еңсерді. 200 метр қашықтық мәресіне ұлдар арасынан Арнұр Берікқали және қыздар арасынан Диана Шатова бәрінен де жылдам жетті. 500 метр қашықтығында бірінші орынды ұлдар арасынан Мирас Әмзе және қыздар арасынан Алтынай Нурланқызы бөлісті. Және де 3 км қашықтыққа жүгіруден 9 және 12 жас санатында ұлдар арасынан Артемий Кузнецов және қыздар арасынан Эвелина Башпаева; 12 және 14 жастағы қатысушылар арасынан Илья Урожай және Алина Клинюшина жеңіпаз атанды. Жарыстың барлық нәтижелерін Алматы марафоны сайтынан көруге болады.

- Біздің мақсатымыз – спортты дамытып, жасына қарамай оны баршаға қолжетімді ету. Балалардың жүгіру жарысын біз осымен екінші жыл қатарынан бір мақсатпен, атап айтқанда, ең кішкентайларға жүгіру мерекесінің бөлшегі болуға мүмкіндік беру және алқаға қол жеткізуі үшін өткізіп отырмыз. Мен өзінің жас спортшысын осы сөреге әкелген және оған қолдау көрсеткен әр ата-анаға алғыс айтамын. Менің ұлдарым да «Алматы марафон» ұйымдастырушыларының жарысына қатысады. Біз үшін бұл бір отбасылық дәстүрге айналғандай: мен шараны жүргіземін, балаларым жүгіреді, жұбайым қолдау көрсетіп, бәрін мәреде күтіп алады, содан кейін бірге фотоға түсіп, мерекелік көңіл-күйге бөленеміз. Мені кезінде жеңіске деген талпынысқа әкем баулыған, бүгінде мен өз балаларыма өмірдегі дұрыс жолды көрсетуге тырысамын, - деп Балалар жүгіру жарысының ұйымдастырушысы және жүргізушісі Валихан Тен өз ойымен бөлісті .

Жарысқа барлығы 500-дей спортшы қатысты. Қашықтыққа жүгіруге қатысушылар арасында ең жасы - 3-4 жастағы бүлдіршіндер – сөреге осы жастағы 100-ден аса бала қатысты.

«Алматы марафонының» келесі шарасы – Жазғы жүгіру жарысы 22-маусымда өтеді. Сөреде балалар қашықтығы да ұсынылады. Ал, 30-маусымда Капшағай су қоймасында «Алматы марафонының» жүзуден жарысы өтеді..

Балалардың жүгіру жарысының ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады