Балалар қашықтығында (3 км) ұлдар арасында Рамазан Айнегов және қыздар арасында Алина Клинюшина ең жүйрік атанды. Біріншілік үшін нағыз күрес негізгі 12 км қашықтық қатысушылары арасында өтті. Ерлер арасында Михаил Красилов өзгелерін басып озып, ол екінші мәреші Ержан Джанарстанов небәрі 49 секундқа алға келді. Қыздар арасында мәреге алғаш болып келген Юлия Фернас, екінші жүлдегер 3 минут озды. Бірінші орын иегерлері 50 мың теңге көлемінде, екінші орын – 30 000, ал үшінші орын – 20 000 теңге алды.
Кезекті маусымдық жүгіру жарысы кешке басталды.
- Адамның биологиялық ырғақтарын ғылыми зерттеу оның қай уақытта ең белсенді күйінде болатынын анықтап, қай уақыттың дене жаттығуларына ең оңтайлы екенін дәлелдеді. Мұндай кезең кешкі сағат алтыда басталып, сегізден кейін аяқталады. Сол себепті біз Жазғы жүгіру жарысын кешке өткізуді ұйғардық, – дейді жоба менеджері Борис Пен.
Сонымен қатар әуесқой жүгірушілер үшін жаңа локация Almaty Arena көпфункционалды кешені таңдалды. Бұл жерде бұған дейін қалалық, республикалық және халықаралық іс-шаралар өтті.
- Жазғы жүгіру жарысына 1 200 қатысушы жиналды. Негізгі 12 км қашықтыққа- 1040,
3 км балалар қашықтығына- 110 және 8 км скандинавиялық жүріске 50 адам өтінім берді, – дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. – Қатысушылар саны жыл сайын көбейіп келеді және бізге әркез ыңғайлы, кең алаңды іздеуге тура келеді. Өкінішке орай, қала саябақтары жүгірушілер мен жанкүйерлердің осыншама көп санын сыйғыза алмайды. Almaty Arena – жүгіру үшін тамаша орын. Оның жолы тегіс жол және бағдары жеңіл.
«Алматы марафон» командасы әуесқой жүзушілер арасында жарыс (30-маусым) және велоспортты жақсы көретіндер үшін Tour of World Class Almaty 2019 веложарысын (18-тамыз) өткізуді жоспарлап отыр. Ал, 13-қазанда Алматы жартылай марафоны екінші мәрте өтеді. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында ашық.
Жазғы жүгіру жарысының бас серіктесі: kaspi.kz
Жазғы жүгіру жарысының ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.