7 минут 52 секунд нәтижесімен ерлер арасынан – Антон Хаматов және 9 минут 11 секунд нәтижесімен Екатерина Цаболева әйелдер арасынан 500 м қашықтыққа жүзуден ең озық деп танылды.

2 км қашықтыққа жүзу жеңіпаздары өз жас санаттарына бөлінді:

Ерлер (18-34 жас)                                        Әйелдер (18-34 жас)
1-орын - Кирилл Уваров                              1-орын – Айя Маштиева

Ерлер (35-49 жас)                                         Әйелдер (35-49 жас)
1-орын - Евгений Александров                     1-орын – Галина Резванцева

Ерлер (50+ жас)                                            Әйелдер (50+ жас)
1-орын - Владислав Бузунов                        1-орын – Алия Кананқызы

Ең ұзақ қашықтыққа (3 км) жүзуден жеңіпаздар да өз жас санаттары бойынша марапатталды.

Ерлер (18-34 жас)                                        Әйелдер (18-34 жас)
1-орын - Данель Жуламанов                       1-орын – Ольга Ершова

Ерлер (35-49 жас)                                         Әйелдер (35-49 жас)
1-орын - Мурат Усманов                               1-орын - Дина Шаймерденова

Әйелдер (50+ жас)
1-орын - Зейнезаип Ережепова 

Барлық мәрешілерге дәстүрге сай естелік алқалар берілді. 

Жүзу жарысының барлық нәтижелері Алматы марафоны сайтына шығады.

- Жыл сайынғы Алматы марафоны жүзу жарысы осымен үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Бүгінде біз адамдардың циклдік спорт түрлеріне қызығушылықтарының артып жатқанына куә болып отырмыз. Бұл сәнге айналды. Осындай шаралардың арқасында біз бұқаралық спорт мәдениетін танымал етіп, оның сұлулығы мен пайдасын көрсетеміз, өз қозғалысымызға адамдарды көптеп тартып жатырмыз, - дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. – Өкінішке орай, Алматыда ашық суда жүзуге арналған орындар аздың қасы. Дегенмен, Қапшағайда өз дағдыңызды шыңдауға мүмкіндік бар. Бастысы, іске өзіңе деген сеніммен әрі жаттықтырушының қадағалауымен кіріскен дұрыс.

Қазір бұған қоса, күллі Қазақстан бойынша ірі триатлон сөрелері өтіп жатыр. Олар - «TEMIRADAM» кубогының кезеңдері. 14-шілдеде Нұр-Сұлтанда Ironman 70.3, 3-4 тамызда Алматыда Триатлоннан Азия кубогы, ал 24-25 тамызда Павлодарда Қазақстан Республикасының  Чемпионаты өтеді.

Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. 

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады