Алтыншы мерейтолы «Tour of World Class Almaty» 2019 веложарысқа 850 қатысушы тіркелді. Жарыстың басталуы ойын-сауық орталығы «Mega Center Alma-Ata» 2, балалар қашықтығынан (14 км), таңғы сағат 8-ге жоспарланған.
- «Веложарыс жылына бір рет өтеді. Бұл жолы Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елден жиналған велосипедшілер старт алдына шығады. Ұйымдастырушы ретінде біздің міндетіміз - маршруттың басталуы мен аяқталуына дейін қатысушыларға қауіпсіз жағдайды толықтай қамтамасыз ету. Осыған орай, қозғалыс жартылай шектеулі болады және спортшылар өз қашықтығын өткен мәрте жолдары ашылады. Біз қала тұрғындарының түсініспеушілігіне және қолдауына үміттенеміз», - дейді Салтанат Қазыбаева, «Tour of World Class Almaty» веложарысының ұйымдастырушысы, «Бірінші болу батылдылық» корпоративті фондының директоры.
Төменде көрсетілген көшелер жабылады:
Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 5.30-дан мерекелік шараның соңына дейін (13.00) жабылады.
Әл-Фараби көшесі – Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 06:00-дан 10:30-ге дейін жабылады.
Сайын көшесі – Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін (Жандосов, Шаляпин, Абай, Төле би, Райымбек батыр көшелері) 06:00-дан 11:30-ге дейін жабылады.
Рысқұлов көшесі – Сайын көшесінен Бауыржан Момышұлы көшелері арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
Момышұлы көшесі – Рысқұлов көшесінен Ақын Сараға дейін 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады. Барлық жол жабылады.
Ақын Сара және Ақ Қайнар көшелерінің арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
Ақ Қайнар көшесі – автоцонға дейін және Бұрындай полиция полкына дейін 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
Соңғы қатысушы сағат 12.00-ге дейінгі қашықтықты өткеннен кейін ғана автокөлік қозғалысы толық қалпына келеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарын алдын-ала веложарыс өтетін күнді (18 тамыз) жоспарлауды сұраймыз.