Жарыс алдында Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Байсеитов Рустем Сәлімұлы мен жарыстың бас дәрігері, Оразбек Сахов және шараның тұрақты қатысушысы, жедел жәрдем көмегінің дәрігері Александр Лазарев қатысушыларға жарыс алдында бір ауыз тіректерін айтты. Қатысушыларға жолда өздерін жақсы сезіну мен өзара көмек көрсетудің маңызды екені тағы бір мәрте қайталады.
Жарысты бірінші болып 14 км қашықтыққа жүгіретін жас қатысушылар ашты. 12-14 жастағы мәрешілерден ұлдар арасында Руслан Марченко (шоссе), Даниил Лунгу (МТВ), ал қыздар арасында Мария Елькина (шоссе), Малика Акмагамбетова (MTB) ең жүйрік деп танылды. 15-17 жастағы бозбалалар арасында Егор Макешин (шоссе), Дэвид Кусаков (МТВ) және қыздар арасынан өзгелерді Сафонова Наталья (МТВ) басып озды.
Тау велосипедімен (МТВ) жарысушылардан 34 км қашықтықты ерлер арасында Виталий Волошин (59 минут 4 секунд) және Мария Шепелева (1:15:56) әйелдер арасында бірінші болып еңсерді. Тас жолда (шоссе) қатысушылар арасынан Алексей Боловинцев (54 минут 43 секунд) и және Аяна Аманбаева (1 сағат 5 минут 29 секунд) алға шықты.
Абсолютті есепте 57 км қашықтықтағы жеңімпаздарға веложарыстың құрметті серіктесі - АТФБанк ұсынған карточкалар бойынша әрқайсысы 100 000 теңгеден ақшалай сыйлық алды. Әлемдік тәжірибенің дәстүрі бойынша бірінші орын жеңімпаздары көшбасшылардың дәстүрлі сары көйлектерін алды. Олар алматылық Никита Федотовских, 1:25:33 уақытымен және Алматы қаласынан Екатерина Шатная (1:31:14).
- Tour of World Class – символикалық жарыс. Біріншіден, ол жыл сайын спорт күні өткізіледі. Екіншіден, ол- өзіндік бір емтихан. Қатысушылар жаз бойы жаттығып, маусым соңында барын салып, өз дайындығының нәтижесін тексереді, - дейді жарыс директоры Салтанат Қазыбаева. – Биыл қатысушылар саны көбейе түсті. Әр жарыс сайын спорт әуесқойларының саны артып жатқанына куә болып отырмыз. Көптеген жарыстарға тіркелу уақытынан бұрын жабылады. Веложарыс алдында да солай болды.
«Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының өткізетін келесі шарасы – жүгіру жарыстары және олар күзге жоспарланған. Алда Әйелдердің жүгіру жарысы (28-қыркүйек), Алматы жартылай марафоны (13-қазан) және Күзгі жүгіру жарысы (9-қараша) өтеді.
Жыл сайынғы веложарыс Алматы қаласының белсенді қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыс ұйымдастырушылары - «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры (жыл сайынғы халықаралық Алматы марафонының ұйымдастырушысы), «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.
Веложарыстың құрметті серіктесі: АТФБанк.