«Алматы марафоны» Марафоннан әлем чемпионатына қатысу үшін біліктілік жүгіру жарыстарының қатарына енді
AbbottWMM Wanda Age Group World Championship Марафоннан әлем чемпионатының біліктілік жүгіру жарыстары тізіміне биыл 125 жарыс: Abbott World Marathon Majors сериясына кіретін алты марафон, сонымен бірге әлемнің өзге де бірнеше ірі марафондары қосылды. Олардың арасында «Алматы марафоны» да бар. AbbottWMM Wanda Age Group World Championship Марафоннан жас санаттары бойынша әлем чемпионатын Wanda Group-пен бірлесе отырып, Abbott World Marathon Majors ұйымдастырған. Чемпионатқа 40 жастан асқан және өздері таңдаған біліктілік жүгіру жарыстарында жоғары нәтиже көрсеткен атлеттер қатысады. Толық тізімді https://www.worldmarathonmajors.com/news-media/media-resources/ сайтынан таба аласыздар.
2021 жылы өтетін екінші Чемпионатқа жолдаманы 2019 жылдың 30-қыркүйегі мен 2020 жылдың 11-қазаны аралығында өтетін біліктілік жүгіру жарыстарында мәреге сәтті жеткен спортшылар алады.
Біліктілік жүгіру жарыстарының қатысушылары 40-44, 45-49, 50-54, 55-59, 60-64, 65-69, 70-74, 75-79 және 80+ жас топтарына бөлінеді. Атлеттерге ұпайлар олардың жынысы, жасы мен нәтижесіне қарай беріледі.
Кез келген жас тобынан шыққан жеңіпаз ең жоғары 4000 балл жинай алады. Бұл ретте AbbottWMM сериясына кіретін марафондардағы жас топтары бойынша жеңіпаздар автоматты түрде 4000 балл алады.
World Marathon Majors (оның ішінде «Алматы марафоны» бар) сериясына кірмейтін біліктілік жүгіру жарыстарына қатысатын атлеттер үшін «платина уақыт» есептелді.
«Платина» нәтижелердің толық тізімімен және балдарды қосу жүйесімен https://www.almaty-marathon.kz/ru/info/abbottwmm_wanda_age_group/ және worldmarathonmajors.com сайттарынан таныса аласыздар.
- «Алматы марафоны» жыл сайын жоғары халықаралық деңгейге көтеріліп келеді. Енді марафон өзге елдерден бұдан да көп атлеттерді қабылдай алады, ал біліктілікті ұту мүмкіндігі 40 жастан асқан спортшыларды ынталандырады. Қазірдің өзінде қатысушылар бұл жаңалықты назарға ала отырып, халықаралық сөрелерге баруды жоспарлай алады. Барлық атлеттерді «Алматы марафонына» қатысып, өз күшін байқауға және Чемпионатқа біліктілік алуға шақырамыз»! – дейді «Алматы марафоны» директоры Салтанат Қазыбаева.
«Алматы марафоны» 2020-жылы 19-сәуірде Алматыда өтеді. Қатысушылар 42,2 км, 21,1 км, 10 км, скандинавиялық жүріс (10 км), Экиден командалық эстафетасы (6 қатысушы үшін 42,2 км) арасынан өз қашықтықтарын таңдай алады. Биыл балалар қашықтығы болмайды. Бұдан былай 15 жасқа толмаған қатысушылар 2020 жылдың мамыр айында өтетін жеке-дара жүгіру жарысына қатыса алады.
«Алматы марафонын» ұйымдастырушылар - «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Сенің басқа қырың Youtube-каналы.
Бас серіктес: Kaspi.kz.