Тұрақты жаттықтырушы — «Алматы марафоны» амбассадоры, пейсмейкер және марафондар мен трейл-жүгірістердің тұрақты қатысушысы Мади Айтимов болады. Қаланың жүгіру клубтарынан шақырылған жаттықтырушылармен бірге қонақтық жаттығулар да жоспарлануда.
Енді «Алматы марафонына» 3 есе жиі дайындала аласыз. Ашық жаттығулар:
- сейсенбі күндері, сағат 20:00-де, Тұңғыш Президент саябағында,
- бейсенбі күндері, сағат 20:00-де, «Атакент» ҚІЫО саябағында,
- сенбі күндері, сағат 10:00-де, «Атакент» ҚІЫО саябағында өтеді.
Жаттығулар бірыңғай жоспар бойынша өткізіледі. Оны келесі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: https://www.almaty-marathon.kz/kk/info/planpodgotovki/
Дайындық деңгейіне қарамастан, барлығы тегін қатыса алады.