Сөре сызығына 1 500 жүгіруші жиналмақ.

Жүгіру арақашықтықтары:

- 13 км (жүгіру мен скандинав жүрісінің әуесқойлары үшін);

- 3 км (балаларға арналған арақашықтық).

Көктемгі жүгіруге 10 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады.

Абсолюттік есептегі жеңімпаздар, 13 км арақашықтықтағы ең жылдам қатысушыларға медальдар мен ақшалай жүлделер табыс етіледі. Жалпы жүлде қоры 200 000 теңге құрамақ. Өзінің жас шамасы санаттарында алғашқы үш орынға ие болған жүгірушілерге серіктестерден медальдар мен жүлделер табысталады. Мәре сызығына жеткен әрбір жүгірушіге естелік ретінде медаль беріледі.

– Кез келген спорттық жарысқа дұрыстап дайындалу керек. Ағзаңыз жүктемені қабылдауға үйреніп, бейімделуі тиіс. Сондықтан жаттығуларға, тамақтануға және өз режиміңізге ерекше назар аударыңыз, - дейді Салтанат Қазыбаева, «Алматы марафоны» директоры. — Жүгіру старттарына дайындалып жатқандарға жүгіріп жаттығуды ұйымдастырдық. Олар аптасына үш рет ақысыз негізде өткізіліп тұрады: сейсенбі сайын сағат 20:00-де Тұңғыш Президент саябағында, ал бейсенбі күндері сағат 20.00-де және сенбі күндері 10.00-де «Атакент» ҚІЫО саябағында.

«Алматы марафонының» биылғы ең басты жүгіру стартының басталуына 2 айдан аз уақыт қалды. Тіркелу басталды және 2020 жылғы 1 сәуірге дейін жалғасады.

 

Көктемгі жүгіруді ұйымдастырушылар: «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Другой ты мультиспорттық Youtube арнасы.

Маусымдық жүгірулер мен «Алматы марафоны» бас серіктесі — Kaspi.kz.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады