13 наурыздан бастап Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Шешім коронавирус пандемиясына байланысты туындады. Осы орайда, біз Көктемгі жүгіруді және өңірдің басты жүгіру іс-шарасы – «Алматы марафонын» тоқтатуға мәжбүрміз.
Өміріміз бен денсаулығымыз – біздің басты құндылығымыз екенімен келісетін шығарсыздар. Қазір өз-өзімізді және қоршаған ортаны қорғау үшін ең қолайлы уақыт туындап отыр.
Біз індетке, ал енді пандемияға байланысты жағдайдың дамуын қадағалап жатырмыз. Кейбір халықаралық марафондар (Токио, Рим, Сеул) тоқтатылды. Жағдай қалыпты болады және бүкіл әлемнен келген қатысушыларды сөре сызығында қарсы аламыз деп үміттендік. Сіздер үшін үлкен мерекелік іс-шара дайындап қойдық.
Марафон үшін көптеген нәрсе атқарылып жатыр, волонтерлерді жинап, жарыстарды қауіпсіз өткізуге көмектесетін медиктермен жұмыс істедік. Белсенді жұмыс бүгінгі күнге дейін жүргізілді.
Бірақ, бізге бағынбайтын нәрселер бар, – бұл форс-мажор. Сондықтан, сіздерден сабыр мен түсіністік танытуды сұраймыз.
Сейсенбі күні, сағат 11:00-де біз БАҚ өкілдерін «Алматы марафонын» тоқтатуға байланысты баспасөз конференциясына шақырамыз. Сіздерді өтетін орны туралы қосымша хабардар етеміз. Онда біз алдағы іс-шараларымыз, тіркеу үшін төленген жарналарды қайтару тәртібі және тағы басқа туралы айтып береміз.
Іс-шараның тікелей эфирі Инстаграм желісіндегі аккаунтымызда көрсетілетін болады. Өткен іс-шара туралы есепті дереу әлеуметтік желілеріміз бен сайтымызда жариялаймыз.
Біздің аккаунттарымызда, «Алматы марафоны» сайтында және менің парақшамда жарияланатын ақпаратты қадағалап отыруды сұраймыз.
Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілеймін! Абай болыңыз және спортпен шұғылданыңыз!
Салтанат Қазыбаева, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры