Ақша банктік шотқа немесе картаға түседі ме?
Сізге 20 сәуірден 30 сәуірге дейінгі кезеңде «Алматы марафонына» тіркелу үшін бұрын төленген сөрелік жарнадан 50% аударылады.
Ақша 1 мамырға дейін банктік шотқа/картаға түспесе не істеу керек?
Ақша 1 мамырға дейін сіздің есеп айырысу шотыңызға түспесе, бізге info@almaty-marathon.kz немесе әлеуметтік желілерде сұрау жазыңыз.
Сұрауда – сіздің аты-жөніңізді, сөрелік нөміріңізді, ЖСН көрсету қажет.
Қолма-қол ақшамен қайтаруды қалай алуға болады?
Қолма-қол ақшамен сөрелік жарналарды қайтару сөрелік жинақтарды берген кезде жүргізіледі.
Сөрелік жарнаның қалған 50%-мен не болады?
Сөрелік жарнаның қалған 50%-ын сөрелік жинақ пен медаль түрінде аласыз.
Сөрелік жинақ пен медальді қашан алуға болады?
Өкінішке орай, қазір беру орны мен уақыты туралы нақты ақпарат жоқ. Біз Алматы қаласында карантинді алып тастау, сондай-ақ адамдардың көп саны үшін қалалық оқиғаларды өткізу мүмкіндігі туралы билік органдарының ұйғарымына қараймыз.
Беру күні туралы ақпарат пайда болған жағдайда, біз сіздерді бірден хабардар етеміз.
Сөрелік жинақтар Алматы қаласында бірнеше күн ішінде беріледі.
Жеңіл жейдені сатып алсаңыз, оны қалай алуға болады?
Қатысушылар барлық сатып алған жеңіл жейделерін сөрелік жинақтар мен медальдарды алған кезде алады.
Тіркелген кезде тапсырыс бермесе, жеңіл жейдені сатып алуға болады ма?
Иә, сөрелік жинақтарды берген кезде жеңіл жейделер сатылады. Жеңіл жейденің құны – 2 500 тг.
Алматы қаласында болмасаңыз, сөрелік жинақтарды қалай алуға болады?
Сөрелік жинақты сіз үшін таныстарыңыз және достарыңыз алуы мүмкін. Сол адамда өзінің және сіздің жеке куәлік көшірмесі болуы қажет. Сөрелік жинақтардың бір бөлігін өңірлік амбассадорларға жібереміз, әрқайсысы сіздің қалаңызда қатысушылар тізімі бойынша таратады. Амбассадорлардың қалалары және байланыс ақпараты кейінірек ұсынылады.
Сізге мықты денсаулық тілейміз және жарыстарда келесі кездескенше!