Өткен аптада «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры («Алматы марафонының» ұйымдастырушысы) Virtual Run тегін онлайн-жүгіруін бастады. Әр апта сайын тіркелген қатысушылар белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, ұпай жинай алады.
Екінші жарыс аптасына тіркеу 19 тамызға дейін немесе 1000 адамдық қатысушылар лимитіне жеткенге дейін жалғасады.
– Спортшылардың көптеген өтініштері бойынша біз қатысушылар лимитін бес жүзден мыңға дейін екі есеге арттырдық. Өткен аптада тіркеуді небәрі 5 сағатта жаптық. Қатысушыларымыздың арасында бүкіл Қазақстанның спортшылары бар! Шағын болса да, бүкіл қазақстандық жүгіру болды, – дейді «Бірінші болу – батылдық» КҚ директоры Салтанат Қазыбаева. – Көпшілік шараларының алынып тасталуына байланысты спортшылар жарыстарды таңдауда шектеліп қалды, тек онлайн-оқиғалар қолжетімді болып қалып отыр. Жаппай жүгірулер өткізілмейді, бірақ осы сөреге қатысу тілегі бар. Адамдарға үйреншікті орталары, эмоция мен драйв жетіспейді. Біз осы сезімдерді сыйлауға тырыстық, жаңа жарыс аптасында бұдан да көп қатысушыны қамтитын боламыз.
Жүгіру қашықтықтары апта сайын жаңартылып отырады. Қатысу тегін, оның үстіне, көрсетілген апта сайынғы қашықтықты жүгіріп өткендердің барлығына «Алматы марафонының» жаңа кәдесый өнімдерін сатып алуға 5% жеңілдік беріледі. Жеңілдіктің ең жоғарғы мөлшері – 20%, әрбір жүгіріп өткен қашықтық үшін 5%-дан алғанда.
Жүгіру кезінде өзімен бірге міндетті түрде трекер немесе GPS-сағат болуы тиіс, ол нәтижелерді тіркеу мақсатында өз маршрутын жазу және сайтқа салу үшін қажет.
Алда тағы екі жарыс аптасы бар, олардың әрқайсысына тіркелу дүйсенбі сайын таңғы сағат 9:00-де ашылады.