Алматы марафоны алғаш рет 2018 жылы басталған болатын. 2020 жылы жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салынған соң, жүгіру онлайн форматқа ауыстырылды. Қазақстанның барлық өңірлерінің спортшылары қатыса алады.

Қашықтықтар:

21 км (жартылай марафон),

үш адамнан құралған командалар үшін 21 км-лік эстафета.

– Биылғы жылы жүгірушілерге арналған эстафетаның ерекше форматын дайындап қойдық. Түрлі қалалардан 3 адам қатыса алады, — деп түсіндіреді Әсел Серғазина, Virtual Half Marathon жобасының менеджері. — Қазақстанның жүгірушілер қоғамдастығын біріктіріп, кеңейтуді және түрлі қалалардың адамдары бір-бірін тануына, бірге жаттығуына және старттарға қатысуына (тіпті виртуалды түрде) үлес қосуды қалаймыз. Әрбір қатысушы түрлі қаланың абыройын қорғайтын командалар үш жүлделі орынға жайғасу үшін бақ сынасады.

Қатысу үшін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, тіркелу жарнасын төлеу керек. Қатысу құны – 4 000 KZT.

Кез келген қалада, қалаған жерде жүгіре беруге болады. Әрбір қатысушы финишер медалін алады.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға ыңғайлы болатын бағдарды ұсына алғанымен, сайып келгенде, қайда жүгіру керектігі туралы шешімді спортшылар өздері қабылдайды. Әрбір қатысушыда қолсағат немесе километражды санайтын трекері бар смартфон қолданбасы болуы тиіс. Қатысушы, ерлер мен әйелдер арасында көшбасшылар үштігін анықтау үшін, нәтижелерді сайтқа жүктейді.

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #СеніңЖаңаҚырың Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады