Бұл күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңға жуық спортшы онлайн-жүгіруге шығады.
Алматылық қатысушылар үшін ұйымдастырушылар жағымды тосынсыйлар дайындап қойды. Қала бойынша су пункттері, медаль беру орындары, музыкалық нүктелер орнатылады және фотографтар болады.
• ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ,
• «Атакент» ҚІЫО,
• «Алматы Арена» МС,
• Баум атын. тоғай.
9:30-дан 15:00-ге дейін барлық жүгірушілер медальді бірден жүгіріс мәресінде ала алады. Басталу уақыты әртүрлі. Жүгіру виртуалды болғандықтан, әрбір қатысушы жүгіру үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.
Қашықтықтар:
21 км (жартылай марафон),
Үш адамнан тұратын командалар үшін 21 км-лік эстафета. Эстафетаның әрбір қатысушысы 7 км-ден жүгіреді.
Сіз кез келген қалада, қалаған жерде жүгіре аласыз. Әрбір қатысушы финишер медалін алады.
Сондай-ақ, 18 қазан күні таңертең Алматы марафонының Instagram-аккаунтында тікелей эфирде қатысушылар үшін, жүгірушілер үшін және скандинавиялық жүріс қатысушылары үшін жаттығулар өткізіледі. Ал кешке сағат 18:00-де жүгірушілер Уәлихан Тен жүгіру мен альпинизді ұнататын кино мен театр актрисасы, Айсұлу Әзімбаевмен, тікелей эфирде сұхбаттасуын тыңдай алады.
Жүгіруге тіркелу https://www.almaty-marathon.kz/ru/events/virtual_half_marathon/reg/ сайтында әлі де жалғасуда.
Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Сеніңжаңақырың Youtube-арнасы.