Әр қатысушы өзінің сөрелік жарнасын енгізеді. Бұл жарналардың бір бөлігі 9 жылдан бері арнайы балалар мекемелерінде балаларға арналған спорттық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл дамуында ерекшеліктері бар немесе тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттар, хоспис, балалар үйлері, балаларды дамытуға арналған арнайы мекемелер, балаларға арналған клиникалар және т.б. Жүгірушілердің арқасында біз балалар алаңдарын, футбол алаңдарын, скалодромдарды салудамыз, арнайы жабдықтар мен жаттығу құрылғыларын сатып аламыз.

Біз репортаждар сериясын іске қосудамыз, онда біз 2020 жылы іске асырылған 5 қайырымдылық мақсаттардың әрқайсысы туралы айтып береміз.

Бірінші материалда біз Есік қаласындағы ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты туралы әңгімелейтін боламыз.

Мектепте 200-ге жуық бала оқиды. Оқушылар сабаққа барып қана қоймай, сол жерде тұрады. Мұнда әр түрлі жастағы балалар оқиды. Балалар футбол ойнағанды және доппен жүгіргенді ұнатады. Оқушыларда үлкен жақсартылған футбол алаңы болған жоқ. Допты тақыр жерде тебуге тура келді, бұл әрине, өте қауіпті.

«Біздің балаларымыздың даму ерекшеліктері бар, мысалы, олар әрдайым бірден ауырғанын сезе алмайды. Осыдан ойын кезінде тастар мен тақыр жерге құлау одан да қауіпті болып келеді. Әрине, біз даладағы белсенді ойындарға тыйым сала алмаймыз. Бұл олар үшін көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар ағзаны дамытудың бір тәсілі», - дейді мектеп директоры Сәрсекова Анар Біләлқызы.

Спорттан басқа оқушылар шығармашылықпен айналысқанды ұнатады. Балалардың жұмыстары үнемі қалалық және облыстық көрмелерге қойылады. Ал ағаш шеберханасында балалар сондай-ақ заттарды ағаштан ойып жасайды.

2019 жылдың соңында біз мектеп әкімшілігінен мектеп ауласында үлкен футбол алаңын салуға сұраныс алдық. Ал 2020 жылдың жазында құрылыс басталды.

Бүгінгі таңда мектеп аумағында футбол ойнауға арналған қақпасы бар, тормен қоршалған, жасанды жұмсақ және қауіпсіз көгалдар және белгілері бар үлкен спорт алаңы салынды.

Дайын нысанды тапсырған күні карантинге байланысты балалар осы салтанатты сәтке қатыса алмады. Бірақ біз мектепке оралғаннан кейін олар риза болып және бірден доппен ойнап кетті деп үміттенеміз.

«Жаңа алаңда оқушылар бос уақытын өткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сыныптар арасында футбол жарыстарын, дене шынықтыру сабақтарын және салтанатты іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз пандемияның аяқталуына байланысты жағдайдың дұрысталуын асыға күтеміз және біздің мектепте қонақтарды көруге қуанышты боламыз. Әкімшіліктің және оқушылардың ата-аналарының атынан осы игі іске өз үлесін қосқан әрбір адамға алғыс айтамыз!»- деді мектеп директоры «Алматы марафонының» қатысушылары мен серіктестеріне алғысын білдіріп.

Жаңа орнатылған жабдықтар туралы толық бейне есепті мына жерден көруге болады: https://www.instagram.com/p/CEqdoClqvF9/ 

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады