«Кеңес» кешенді оңалту орталығы, оның тұрақты басшысы айтатындай, жер-жаһанға «ерекше» балалардың бар екенін, сондай-ақ олардың ел қатарлы өмір сүруге, білім алуға, күтім көруге және қамқорлыққа құқылы екенін жариялау үшін 1992 жылы ашылған.

Сулеева Майра Магауяновна, орталық директоры, орталықтың әрбір оқушысы туралы елжіреп, сүйсініп баяндайды. Біреу мұнда сөйлеп үйренген болса, екіншісі кәдімгі мектептің табалдырығын аттады. Бұл жерде тәрбиеленушілердің әрқайсысын туған баласындай жақсы көреді және олардың ел қатарлы өмір сүруге және еш шектелмей білім алуға құқығы мен барлық мүмкіншіліктері бар екеніне кәміл сенеді.

Орталық сырттан қарағанда жас шеберлердің де, оқытушылардың да жұмыстары ұсынылған үлкен көрмеге ұқсайды. Бұл жерде әркім қонақтардың, сонымен қатар орталықта күн сайын жұмыс істейтін және оқитын жандардың жауын алатын өте әдемі нәрселерді өз қолымен жасай алады. Тастан жасалған бақа мен орман жануарлары, монтаждық көбіктен жасалған ағаш, пластик пен картоннан жасалған ойыншықтар — осының барлығы да тәрбиеленушілердің игілігіне жаратылады.

«Кеңес» орталығы, дәрігерлер бас тартуы мүмкін болған баланың орта мектепте оқып, ел қатарлы азамат болып өсуі мақсатында мыңдаған жанұяға үміт отын сыйлап келеді.

Орталықта 3 жасқа толмаған сәбилерің дамуындағы ақауларды анықтау үшін «Ерте араласу» бағдарламасы белсенді түрде жұмыс істеп келеді. «Бұл бағдарлама, сәбиге кішкентай кезінде-ақ көмектесіп, мүгедектіктің ауыр түріне жол бермеу мүмкіншілігімен ерекшеленеді. Көптеген сәбилер курстан өткеннен кейін кәдімгі балабақшаға ауысады. Сол себептен, балаңыздың дамуы алаңдатып отырса, көп созбай мамандарға жүгініңіз. Мәселенің ұзақ жылдар бойы жалғасқан көптеген мәселелердің біріне айналғанын күтпей, оны ең басында-ақ шешуге болады», - деп шақырады Шарипова Татьяна Жаслановна, «Кеңес» орталығындағы «Ерте араласу» қызметінің басшысы.

Қатысушыларымыздың қосқан үлесі арқасында, 2020 жылы «Кеңес» орталығына спорттық керек-жарақтарды (доптар, секіргіштер, теннис ракеткалары), шахмат үстелін, тепе-теңдік сақтауды және вестибулярлық аппаратты дамытуды үйренейін деп жатқан балаларға арналған әткеншектерді, балалар спорт кешендерін және татами төсенішін сыйладық. Ол жерде сәбилер үсіп қалудан немесе денесін соғып алудан қорықпай, ғимараттың ішінде ойнай бере алады.

"«Алматы марафоны» 2020 жарысына атсалысқан жандардың әрқайсысына алғыс айтамыз. Биылғы жылы басымызға түскен қиыншылықтарға қарамастан, сіздермен бірге балалар мен олардың ата-аналарына бақыт сыйлай алдық. Әрбір спорттық нысан мен керек-жарақ балалардың дені сау, бақытты, белсенді және білімқұмар болуына көмектеседі деп сенеміз", - - "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов спортшыларға алғысын білдірді.

Келер жылда жаңа жетістіктер күтіп тұр. 2021 жылы біз көмектесе алатын жандардан хабарыңыз болса, бізге info@almaty-marathon.kz мекенжайына хат жазыңыз.

Көріскенше!

Жаңа орнатылған жабдықтар туралы толық бейне есепті мына жерден көруге болады: https://www.instagram.com/p/CJDGaklKCT0/

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады