Бұл, коронавирустық пандемия басталғаннан және бұқаралық іс-шараларға тыйым салынғаннан бері бір жыл өткен соң өткізіліп жатқан онлайн-форматтағы алғашқы жүгіру емес.

«Winter Run» жүгіру жарысы 2021 жылдың 27-28 ақпанында екі күн бойы өткізіледі.

Өтетін орны — Almaty Arena МС аумағы.

Жарыс бағдарламасында екі қашықтық бар:

Жүгіру — 11 км,

Скандинавиялық жүріс — 7 км.

Жарысқа 15 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады.

- Бұл стартта қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударамыз, - деп түсіндірді «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. — Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірге стартты эпидемиологиялық тұрғыдан барынша қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін жоспарды әзірледік. Старт пен дене шынықтыру кезінде қатысушылар арасында әлеуметтік қашықтық сақталады, сөре мен мәре қалашықтарында міндетті түрде бетперде тағу режимі енгізіледі. 2 000 қатысушы 2 күн ішінде бірнеше сөрелік ағындарға бөлінеді. Әр ағын қатаң белгіленген уақытта басталады. Әрбір қатысушыға өзінің басталу уақыты туралы хабарландыру келеді. Біз қысқы жүгіру жарысын ойдағыдай өткізгеннен кейін жүгіру жарыстарының және оған қатысушылардың санын біртіндеп арттыра аламыз деген үміттенеміз.

Іс-шараға тіркелу және қатысуға ақы төлеу үшін  almaty-marathon.kz сайтына кіріңіз. Қатысу құны — 4 000 KZT. Тіркеу рәсімі 2021 жылғы 22 ақпанға дейін немесе 2 000 қатысушы жиналғанша жалғасады.

Қашықтықты жүгіріп өткен барлық спортшылар финишер медалін алады. Ал, 11 км қашықтықты жүгіріп өткен әрбір жас санатындағы ерлер мен қыздар арасындағы көшбасшылардың үштігі серіктестерден медальдармен, мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталады.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады