Ақшалай қаражаттар мен сатып алынған жеңіл жейде / лонгслив құнын қайтару тек «Алматы марафоны» 2021 сөрелік жарнасын 2021 жылдың 14 ақпанына (жексенбі) Нұр-сұлтан қ. уақытымен 23:59-ға дейін төлеген барлық қатысушыларға ғана жүргізіледі. Қаражатты қайтаруға арналған өтінімдерді қабылдау 15.02.2021-31.03.2021 ж. аралығында жүргізіледі.

Қаражатты қайтаруға өтінімді тек www.almaty-marathon.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады.

  1. «Менің жүгірулерім» бөліміне өтіңіз, «Алматы марафоны» іс-шарасын таңдаңыз, қайтаруды рәсімдеу батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді рәсімдеумен келісіңіз

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қайтару 01.04.2021-09.04.2021 ж. аралығында «Алматы марафонына» 2021 сөрелік жарнасын төлеген картаға жүргізіледі.

«Алматы марафоны» сөрелік жарнасын Qiwi терминал арқылы төлеген қатысушыларға қайтару 01.04.2021-09.04.2021 ж. аралығында «Бірінші болу – батылдық» КҚ кеңсесінде қолма-қол ақшалай жүргізіледі.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады