Биылғы жылы «Алматы марафон» оныншы рет өткізілді. Сөреге оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары, салауатты өмір салтын сүйетін адамдар жиналды. Сөреде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық қатысушылар ASHYQ қосымшасындағы мәртебесін тексеруден өтті. Сөреге дейін және мәреден кейін бірден әр уақытта бетперде кию сөредегі қалашыққа жіберілудің міндетті шарты болды.

«Алматы марафон» ұзақ уақыттан кейін алғаш рет өткізілді. Алдыңғы марафон 2019 жылғы сәуірде өткен еді. 2020 жылы марафон коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған болатын.

Дәстүр бойынша жарыс бірнеше қашықтықта өтті: алдымен сағат 7:30-да марафоншылар (42,2 км) жүгіріп кетті, одан кейін 21,1 км қашықтыққа қатысушылар, содан кейін жүгірушілер мен 10 км қашықтыққа скандинавиялық жүрістің қатысушылары қосылды. Марафоншылардың ішінен бірінші болып алматылықтар Ислам Амангос пен Дана Гусарова (қыздар арасында) келді.

21 км қашықтықта алтынды Ташкенттен келген Шохрух Давлатов алды, ал қыздар арасында жартылай марафондық қашықтықта басты медальға Алматылық Әсем Қабидолданова ие болды.

42 және 21 км қашықтықтарда ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздардың үштігі 4,6 миллион теңге көлеміндегі жүлде қорын бөлісті. Марафоншылар (42,2 км) бірінші орынға – 600 000 теңге, екінші орынға - 500 000 теңге және үшінші орынға - 400 000 теңге алды. Жартылай марафоншылардың жүлде қоры былайша бөлінді: 1 орын – 350 000 теңге, 2 орын – 250 000 теңге, 3 орын – 200 000 теңге.

– «Алматы марафон» биылға екі рет кейінге шегерілді. Осыған қарамастан, біз осы іс-шараны өткізіп, әр спортшыға өзін және өз жаттығуларының барлық нәтижесін көрсетуге мүмкіндік бере алдық - дейді «Алматы марафонның» директоры Салтанат Қазыбаева. – Биыл сөреге Алматылықтар мен Қазақстанның басқа қалаларынан келген қонақтар көп жиналды. Шекарадан өтудегі қиындықтарға байланысты биыл жарысқа шетелдік қатысушылар аз келді, дегенмен, біз Қырғызстан мен Өзбекстанның сұранысы бойынша 60-қа жуық спортшының жарысқа келуіне рұқсат алдық.

Тас жолында қатысушыларды музыкалық топтар, оркестр, чирлидерлер қолдады. Сахнада мәреге жеткендерді музыкалық топтар қарсы алды.

Қатысушылардың бастапқы жарналарынан түскен ақшаның бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарын іске асыруға жұмсалады. Осы жылдар ішінде «Алматы марафонына» қатысушылардың және серіктестердің арқасында Алматы және Алматы облысында 22 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды. Оныншы «Алматы марафонының» қорытындысы бойынша балаларға арналған Алматы қ. және Шелек қ. екі спорт алаңдарынан басқа, Алматыда жүгірушілерге арналған спорт базасы салынады.

27 қыркүйек, дүйсенбі күні 2022 жылдың 17 сәуіріне жоспарланған Алматы жартылай марафонына тіркелуге болады.

 

«Алматы марафон» Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде.

«Алматы марафонының» бас серіктесі: Kaspi.kz

Құрметті серіктестер: Sulpak және 1XBET.

 

«Алматы марафонының» ұйымдастырушылары - «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

 

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады