2021 жылғы 9 желтоқсанда «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, жыл сайынғы «Алматы марафон» жүгіру жарысының ұйымдастырушысы қайырымдылық мақсаттарын іске асыру аясында алғашқы дайын нысанды салып, оны ұсынды.

Жыл сайын «Алматы марафоны» өткізілгеннен кейін қатысушылардың бастапқы жарналарынан және серіктестік салымдардан түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық мақсатты іске асыру үшін жұмсалады. 2012 жылдан бастап барлығы 23 қайырымдылық жобасы іске асырылды.

– «Алматы марафон» қайырымдылығының негізгі міндеті - балалар спортын дамыту болып табылады. Біз түрлі мамандандырылған балалар мекемелерінде спорт алаңдарын, скалодромдарды, акваторияларды, сенсорлық бөлмелерді және т.б. салдық. Ақша тікелей мекемелерге берілмейді, «Бірінші болу – батылдық» КҚ жобаларды іске асырумен – жобаны іздеу мен бекітуден, мердігерлермен келісуден, құрылыс жұмыстарын бақылау мен сатып алудан бастап нысанды түпкілікті тапсыруға дейін толық айналысады, - деді «Бірінші болу – батылдық» КҚ атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

2021 жылғы алғашқы қайырымдылық нысан - Алматы колониясындағы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған. Бұл Қазақстандағы осындай жалғыз колония. Бүгінде онда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 14 пен 21 жас аралығындағы 56 адам бар.

Колонияның аумағында тұтқындар түзету жолына түсіп, спортпен шұғылдануы үшін заманауи футбол алаңы салынды. Біреуі үшін бұл жаңа пайдалы хобби табу мүмкіндігі болса, ал біреуі үшін бостандыққа шыққаннан кейін мамандық алу мүмкіндігі болады.

– «Алматы марафонының» барлық қайырымдылық мақсаттары қандай қиын өмірлік жағдайларда болмасын, балаларға, 18 жасқа дейінгі балалардың спорт және дене дағдыларын дамытуға бағытталған. Біз балаларға арналған хосписке, мектеп-интернаттарға, балалар үйлеріне және басқаларға көмектестік. Спорттық дағдыларды дамыту балаларға осындай ерте жаста пайда болған ауруларды немесе жағдайларды оңай жеңуге көмектеседі деп сенеміз. Біреулер үшін бұл моральдық немесе дене шынықтыру дағдысын қолдау, біреулер үшін үздік болу немесе тіпті жаңа мамандық табу мүмкіндігі, - дейді «Бірінші болу – батылдық» КҚ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Валихан Тен. – Біз серіктестеріміз бен қатысушыларымызға ерекше мұқтаж адамдар үшін игі істер жасау мүмкіндігін бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Таныстыру рәсіміне Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Байсейітов Рүстем Сәлімұлы, Алматы қаласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағалбаев Ерғали Төлендіұлы, сондай-ақ Қазақстан футболының ардагерлері, соның ішінде ҚР чемпионы, құрама ойыншысы Болат Есмағамбетов қатысты.

–  Біз әркімнің түзелуге құқығы бар деп санаймыз. Бұған жасөспірімдерді әлеуметтік өмірге белсенді тарта отырып қана көмектесуге болады. Спорт тек дене қабілеттерін дамытып қана қоймай, психологиялық және эмоционалдық қолдау көрсетеді, ал бұл еркіндікті шектеу жағдайында өте маңызды, - деді Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Байсейітов Рүстем Сәлімұлы.

Статистикаға сәйкес, осы колониядан шыққан жасөспірімдер рецидив жасамайды және бас бостандығынан айыру орындарына оралмайды. Сондай – ақ, колонияда тұтқындар білім алып, орта білім туралы сертификат алады, мұнда олар - токарь, слесарь, ағаш ұстасы сияқты техникалық мамандық ала алады. Өндірістік мектепке бару міндетті.

–  ЛА-155/6 мекемесі - республикамыздағы жасөспірімдерге арналған жалғыз колония. Көп жылдар бойы біз футбол алаңын қалпына келтіру үшін бірнеше ұйымдардан көмек сұрап келдік, алайда мәселе ашық күйінде қала беретін. Міне бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасы мен "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қорының арқасында біздің жасөспірімдердің арманы орындалды, - деп Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы өзінің алғысын білдірді.

«Алматы марафонның» алдында тағы екі қайырымдылық мақсаты тұр. Құрылыс 2022 жылдың басында басталады.

 

«Алматы марафон» Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде.

«Алматы марафонының» бас серіктесі: Kaspi.kz

Құрметті серіктестер: Sulpak және 1XBET.

 

«Алматы марафонының» ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады