Бұл жүгірумен айналысатын және салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін жастар үшін жарқын спорт мерекесі болмақ.
Сөре уақыты: 9:00
Орны: Спорт-жаттығу кешені, Абай даңғылы, 159А (Розыбакиев көшесінің бұрышы).
Қашықтықтар: 100 және 800 метр.
– 10 жылдан астам уақыт бойы біз балалар мен ересектер арасында түрлі қашықтықтарға көпшілікке арналған жарыстар өткізіп келеміз. Жалпы әлемдік статистика бойынша жүгірушілердің орташа жасы – 25-40 жас. Сонда да болса, жастар мен балалар спортына ерекше көңіл бөлу керек деп есептейміз, – дейді жарысты ұйымдастырушылардың бірі, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Біз Satbayev University, «Тұран» университетімен және Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесе отырып, жастардың саналы түрде спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын ұстануына септігімізді тигізгіміз келеді. Сондықтан бұл жоба жастар үшін жасалды және оған тегін қатысуға болады.
Жарысқа 15 пен 21 жас аралығындағы студенттер мен мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылар жас санаттары бойынша бөлінеді, жігіттер мен қыздар арасында өз жас санаттары бойынша жеңімпаздар медальдар мен грамоталарға ие болады. Жүлделі орындарды иеленбеген мәрешілерге қатысқандығы туралы сертификат беріледі.
Қатысу тегін, бірақ міндетті түрде алдын ала тіркелу қажет. Тіркеуден almaty-marathon.kz сайтында 1 сәуірге дейін өтуге болады. Қатысушылар лимиті – 200 адам.
Сондай-ақ 2022 жылдың 17 сәуірінде өтетін Алматы жартылай марафонына тіркелудің жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жүргізіледі.
«Jana Tolqyn» жарысының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Satbayev University және «Тұран» университеті.