Tau Jarys 2023 ойлы-қырлы жерлермен жүгіру жарысы және отбасылық фестивалі биыл 21 мамырда екінші рет өтеді.

Tau Jarys – таулы жерлермен жүгіру жарысы ғана емес, сонымен қатар, әрбір адам ойын-сауық бағдарламасына қатыса алатын, дәмді тағамдардан ләззат алып, жарыстың жарқын атмосферасын сезіне алатын отбасылық фестиваль екенін атап өту маңызды!

Жарыстың жаңа форматы озық спортшыларға да, жаңадан бастаған жүгірушілерге де қызықты болады. Биылғы жылы 2 км балалар қашықтығы (10-14 жас), сондай-ақ 6 және 12 км ересектер қашықтықтары (15 жастан бастап және одан жоғары) ұсынылған. Жаңа форматта өз күшіңізді сынап көрудің тамаша мүмкіндігі. Трасса Алматы облысындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде табиғаты әсем жерлермен өтеді. Алматыдан көлікпен небәрі бір сағаттық жерде қатысушылар отбасыларымен немесе достарымен бірге демалыс күндерін белсенді өткізе алады.

– Өткен жылы біз «Tau Jarys» бірінші жарысының қатысушылары мен қонақтарынан көптеген ризашылық пікірлерін алдық, сондықтан бұл жарысты жыл сайынғы іс-шараға айналдыруды ұйғардық, – дейді ұйымдастырушы, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Біз бұдан да жоғары нәтижелерді көздейміз және іс-шараны жаңа серпінмен өткізуге дайынбыз. «Tau Jarys» – іс-шара қатысушылары мен қонақтары отбасыларымен келіп, тамаша уақыт өткізе алатын, атмосферадан және спорт әуесқойларымен араласудан ләззат алатын, сондай-ақ дәмді тағамдармен түстеніп, шараларға белсенді қатыса алатын нағыз спорт мерекесі.

Іс-шараға тіркелу және қатысу ақысын төлеу https://www.almaty-marathon.kz/ru/events/tau_jarys2023/ сайтында қолжетімді болады. Қатысу құны 2 км балалар қашықтығында 6 000 KZT, 6 км қашықтығында 10 000 KZT және 12 км қашықтығында 12 000 KZT құрайды. Тіркелу 12 мамырда немесе қатысушылар саны 1200-ге жеткенде аяқталады. Қосымша төлемге жайлы автобустармен екі бағыттағы трансфер қарастырылған.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. Әр қашықтықта әйелдер мен ерлер арасындағы жеңімпаздар үштігі ақшалай жүлделермен (12 км қашықтығында 130, 100 және 70 мың теңге, 6 км қашықтығында 70, 50, 30 мың теңге), грамоталармен және серіктестер ұсынатын сыйлықтармен марапатталады.

2 км, 6 км және 12 км қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы жүлделермен марапатталады.

Жарыс ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады