Жарыстың ұйымдастырушысы – жыл сайынғы «Алматы марафоны» бойынша көптеген спортшыларға таныс болып үлгерген «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры. Тіркеу https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/astana_half_marathon_2023/reg/ ресми сайтында ашылды.

Жарыс қашықтықтары: 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, Экиден 21.1 (командалық эстафета).

Astana Half Marathon трассасы – Қазақстан елордасының ең көрікті жерлерінен өтетін нағыз керемет саяхат. Жарыс сөресі «EXPO» ХКО алдындағы алаңнан басталып, содан кейін қатысушылар қаланың орталық көшелерімен, Бәйтеректің, Хан Шатырдың, Тәуелсіздік сарайының, Ботаникалық бақтың жанынан жүгіріп өтеді.

– Жүгіру – жай спорт қана емес, ол бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіретін нағыз мәдениетке айналды. Біз Астанаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, алыс-жақын шет елдерден де жүгірушілердің көптеп жиналып жатқанын көріп қуанып отырмыз. Трассада жаңа рекордтар жасалады, тарих жазылады, – дейді қор директоры және жарыс ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева. – Биылғы жарысты біз командамызбен бірге бұрынғыдан да жоғары деңгейде өткізуге дайындалып жатырмыз. Жаһандық спорт жәрмеңкесі, 6000-нан астам қатысушы, YouTube арнасында тікелей трансляциялау, сондай-ақ көптеген жаңа эмоциялар болады. Біз баршаңызды елордада өтетін үлкен жүгіру шарасының бір бөлігі болуға шақырамыз.

Astana Half Marathon жарысы – жүгіру жарысына қатысушылар үшін өздерінің жеке рекордын орнатудың тамаша мүмкіндігі. Астанадағы тегіс трассаның арқасында спортшылар өздерінің үздік нәтижелерін көрсетіп, спорттық мансабында жаңа биіктерге қол жеткізе алады.

21 км қашықтығында ерлер мен әйелдер арасында абсолютті санаттағы ең жүйрік қатысушылар ақшалай жүлделермен марапатталады: 1-ші орын – 450 000 теңге, 2-ші орын – 400 000 теңге, 3-ші орын – 350 000 теңге. 21 км және 10 км қашықтықтарында жас санаттары бойынша жеңімпаздар серіктестерден сыйлықтар алады. Командалық эстафетада да абсолютті біріншіліктегі жеңімпаздар ақшалай жүлделермен марапатталады: 1-ші орын – 200 000 теңге, 2-ші орын – 150 000 теңге, 3-ші орын – 100 000 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы қазан айында Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс – «Алматы марафоны» өтеді. Ресми сайтта тіркелу ашық.

Astana Half Marathon бас серіктесі: Halyk Bank

Құрметті серіктестер: Altel

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады
Түркістан жүгірушілерді шақырады: Turkistan Marathon 27 қазанда өтеді
Almaty Marathon 2024: Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру оқиғасы қалай өтті