Tau Jarys 2023 ойлы-қырлы жерлермен жүгіру жарысы биыл Алматы облысында екінші рет өткізілді. Tau Jarys – таулы жерлермен жүгіру жарысы ғана емес, сонымен қатар әрбір адам ойын-сауық бағдарламасына қатыса алатын, дәмді тағамдардан ләззат алып және жарыстың жарқын атмосферасын сезіне алатын отбасылық фестиваль.

Биылғы жылы 2 км балалар қашықтығы (10-14 жас), сондай-ақ 6 және 12 км  ересектер қашықтықтары (15 жастан бастап және одан жоғары) ұсынылды. Спортты сүйетіндер үшін жүгіру өз күштерін жаңа форматта сынап көрудің тамаша мүмкіндігі болды. Трасса «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде табиғаты әсем жерлермен өтті.

12 км қашықтықтағы абсолютті жеңімпаздар ерлер арасында қашықтықты 43 минут 42 секундта жүгіріп өткен Рахымжан Кельманов және әйелдер арасында 53 минут 7 секундта аяқтаған Дана Гусанова болды. Ең жылдам 6 км қашықтықта әйелдер арасында Нұрисбек Сексембай (23 минут 12 секунд) және Диана Айдосова (27 минут 53 секунд) болды.

Балалар арасында 2 км қашықтықта Олжас Кәрім (7 минут 51 секунд) және қыздар арасында Пандора Менс (8 минут 34 секунд) жеңімпаз атанды.

Жас санаттарындағы жүлделі орындарға 100-ден астам спортшы ие болды, ал барлық қатысушылар мәреші медальдарын алды. Жарыс нәтижелері almaty-marathon.kz сайтында жарияланды.

Әр қашықтықта әйелдер мен ерлер арасындағы жеңімпаздар үштігі ақшалай жүлделермен (12 км қашықтығында 130, 100 және 70 мың теңге, 6 км қашықтығында 70, 50, 30 мың теңге), грамоталармен және серіктестер ұсынатын сыйлықтармен марапатталды.

«Tau Jarys» – іс-шара қатысушылары мен қонақтары отбасыларымен келіп, тамаша уақыт өткізе алатын, атмосферадан және спорт әуесқойларымен араласудан ләззат алатын, сондай-ақ дәмді тағамдармен түстеніп, шараларға белсенді қатыса алатын нағыз спорт мерекесі», - деп атап өтті ұйымдастырушы, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

«Мен тау жарысына екінші рет қатысып отырмын және осындай тәжірибе алғаныма өте қуаныштымын. Тамаша табиғат, әр шақырымда өзіңді еңсеру және міне, көптен күткен мәре. Трассада еріктілер мен ұйымдастырушылардың қолдауы баға жетпес. Осындай спорттық мереке үшін алғысымды білдіремін және жыл сайын жаңа трассалар, жаңа жарыстар пайда болып, Қазақстанда әуесқой спорттың дамығанын қалаймын», - деді Tau Jarys қатысушысы Бахытжан Нұрпейісов.

Орталық Азиядағы ең ірі спорттық іс-шара – «Алматы марафон» 2023 тіркеу жалғасуда, ол 1 қазанда өтеді. Жаңа алаңдағы сөре және мәре (https://www.almaty-marathon.kz/ru/events/tau_jarys2023/).

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады