Сөре Республика алаңында таңғы 7:30-да басталды. Өз қашықтықтарын еңсеру үшін қала көшелерімен 14000-ға жуық әуесқой спортшы жүгірді.
Марафон басталғанда қатысушыларды «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының құрылтайшысы Ғалымжан Есенов, Олимпиада чемпионы және қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ольга Шишигина, Алматы марафонның race-директоры Салтанат Қазыбаева және Kaspi.kz атқарушы директоры Маржан Елшібаева құттықтап, табыс тіледі.
Таңғы сағат 7:30-да 42,2 км қашықтыққа алғашқы қатысушылар бастады. Марафонның жеңімпазы жарысты 2 сағат 24 минут 44 секундта аяқтаған Ресейлік Владимир Чистяков болды. Әйелдер арасында бірінші орынды Ресейлік Ксения Авдеева иеленді, ол 2 сағат 53 минут 50 секундта жүгіріп өтті.
Сағат 7:40-та жартылай марафон басталды, онда жаңа рекорд орнатылды. Татарстандық Ринас Ахмадеев 1 сағат 3 минут 45 секундта аяқтады, бұл оның өткен жылғы рекордынан 19 секундқа жылдамырақ болды. Әйелдер арасында Беларусьтік Светлана Куделич 1 сағат 14 минут 55 секундта жүгіріп жеңіске жетті.
Сағат 7:55-те 10 км-ге жүгіру басталды, оған ардагерлер арасында 10 км-ге жүгіруден Қазақстан Республикасы Чемпионатының қатысушылары да қатысты.
10 км-ге созылған скандинавиялық жүрістің қатысушылары ең соңғы болып бастады. Биылғы жылы бұл қашықтыққа рекордтық 600 адам қатысты. Бұл жағдай Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.
«Биылғы жылдың жарысы – бұл Қазақстанның бұқаралық спорт әлеміндегі орасан зор оқиға. Алматы марафонында алғаш рет ардагерлер арасында 10 км-ге жүгіру бойынша ҚР Чемпионаты өткізілді, сондай-ақ біз скандинавиялық жүрістегі ең жаппай старт бойынша Қазақстанның рекордын орнаттық. Барлығы әлемнің 50-ден астам елінен келген жүгірушілер жарысқа қатысты, - деді Алматы марафонының race-директоры Салтанат Қазыбаева. – Биыл біз «Бүкіл әлем бізбен бірге» ұранымен жүгірдік, онда қазақстандықтармен бірге әлемнің түкпір- түкпірінен – Аустралиядан АҚШ-қа дейінгі спортшылардың қатысатынына назар аудардық. Бұл марафонның ауқымдылығын көрсетті. Жыл сайын біздің қоғамдастық артып келеді және жүгірудің бізді біріктіретінін растайды».
Мәреге жеткеннен кейін барлық қатысушыларды Республика алаңында чирлидерлердің, музыкалық топтардың өнер көрсетуімен және жарыс жеңімпаздарын марапаттай отырып, нағыз спорт мерекесі күтті. Сондай-ақ, Алматы марафонның серіктестері қонақтарға көптеген ойын-сауық шараларын дайындады. Спорттық мерекенің басты хедлайнері «Алдаспан» тобы болды – олар электродомбрада ойнайтын әлемдегі жалғыз рок-тобы.
Алматы марафонның ақшалай жүлде қоры биыл 8 450 000 теңгені құрады. Марафонның барлық жеңімпаздары серіктестерден ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Биыл алғаш рет жанкүйерлер үшін тәттілер қойылған нүктелердің ұйымдастырылғанын атап өту керек. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жүгірушілерді қолдауға және спорттық мерекенің бір бөлігі болуға мүмкіндік берді.
Алматы марафон – бұл спорт қана емес, адамдарға көмектесу болып табылады. Марафонды ұйымдастырушылар жыл сайын сөрелік жарналардан түскен ақшаның бір бөлігін мұқтаж жандар үшін спорттық инфрақұрылымды құруға жұмсайды. Биылғы жылы 68 000 000 теңге көлемінде көмек көрсету жоспарлануда.
Спорттық мереке атмосферасына енуді армандайтындар үшін тікелей эфирдегі жазбаны көруге кеңес береміз.
Басты демеуші: Kaspi.kz.
Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы