25 ақпанда Алматыда «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын алғашқы жүгіру жарысы — Winter Run өтеді. 

Winter Run жарысы жүгірулер жылын ашып және 29 қыркүйекке жоспарланып отырған 2024 жылғы «Almaty Marathon» үлкен жарысына дайындық болады. Жарыс бағыты Әл-Фараби даңғылының бойымен өтеді, бұл жүгірушілерге қаланың қысқы атмосферасынан ләззат алып, қар басқан тауларды тамашалау мүмкіндігін береді.

Сөре және мәре орны: Әл-Фараби даңғылындағы  Нұрлы Тау БО.

Жүгіру қашықтықтары:

  • 10 км (15 жастан жоғары)
  • 7 км скандинавиялық жүріс (15 жастан жоғары)
  • 3 км (10-14 жас)

Жарысқа тіркелу және ақысын төлеу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді. Қатысу құны: 10 км-ге жүгіру және 7 км скандинавиялық жүріс қашықтықтары үшін – 8 000 KZT, 3 км балалар қашықтығы үшін – 6 000 KZT. Тіркелу 16 ақпанда немесе қатысушылардың жалпы санына жеткенде аяқталады.

«Winter Run – жай ғана жарыс емес, бұл – қаламыздың мәдени мұрасының бір бөлігіне айналу мүмкіндігі. Қысқы жүгіру жарысында асқақ таулардың әсем көрінісінен ләззат алып, қаланың қайталанбас рухын сезінуге және сергітетін қысқы желден қуат алуға болады. Біздің көздеген мақсатымыз – спортты насихаттау ғана емес, сонымен қатар, жүгіру адамдардың өмірін өзгертіп, денсаулығын нығайтып, оларды белсендірек және бақыттырақ ете алатынын көрсету», – дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. 3 км қашықтыққа жүгірген қыздар мен ұлдар арасындағы жеңімпаздар үштігі, сондай-ақ 10 км қашықтыққа жүгірген жас санаттарындағы жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және серіктестер ұсынған сыйлықтармен марапатталады. 10 км қашықтыққа жүгірген әйелдер мен ерлер арасында жалпы есептегі жеңімпаздар, негізгі сыйлықтардан бөлек, ақшалай сертификаттармен де марапатталады.

«Біз дәстүр бойынша жүгіру маусымын ақпан айында Әл-Фараби даңғылының бойындағы трассада өтетін «Winter Run» жарысымен ашамыз, – деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. – Барлық жүгірушілерге осы маусымда жеке жеңістер, жаңа рекордтар және мол ынта тілейміз. Спорт өмірлеріңіздің ажырамас бөлігіне айналсын!»

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры 2024 жылы дәстүрлі жарыстарды: Winter Run, Summer Run, City Run, Copa Almaty Run, Tau Jarys маусымдық жарыстарын, Алматы және Астана қалаларында өтетін Almaty Half Marathon және Astana Half Marathon жартылай марафондарын, Алматы қаласында өтетін Tour of Almaty City велосипед жарысын, Түркістан қаласында өтетін Түркістан марафонын және жылдың ең көп күтілетін оқиғасы – Алматы марафонын өткізуді жоспарлап отыр. Барлық сөрелерге тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жүреді.

«Almaty Marathon» және «Almaty Half Marathon» жарыстарына тіркелудің ашық екенін естеріңізге саламыз. Іс-шаралар күнтізбесімен толығырақ Алматы марафонының сайтында танысуға болады.

Титулдық демеуші: Kaspi.kz

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады
Түркістан жүгірушілерді шақырады: Turkistan Marathon 27 қазанда өтеді
Almaty Marathon 2024: Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру оқиғасы қалай өтті