17 наурызда Алматы Орталық стадионында Almaty Copa Run қысқа және орта қашықтыққа жүгіру жарысы өтті. Осы маусымда спортшылар 100, 1000 және 3000 метр қашықтықта өз күштерін сынап көрді. Жарысқа 18 жастан асқан 700 қатысушы жиналды.
Жарыс қашықтығындағы және жас санаттарындағы ең жылдам қатысушылар жүлделі медальдар мен марапаттау қағазына ие болды. Жарыс нәтижелері сайтта жарияланды. Барлық спортшылар 126 жүлделі орын бойынша марапатталып, өздерінің үздік жеке нәтижелерін көрсетті.
Жүгірушілер тек жеке жетістіктер үшін ғана емес, сонымен қатар ақшалай сыйлықтар ойнатылған командалық сынаққа да қатысты. Командалық есептің қорытындысы бойынша Gussarov Track Club жүгіру клубы 250 000 теңге, Run time Almaty клубы 150 000 теңге, ал Young Runner командасы 100 000 теңге алды.
«Биылғы жылы 700 спортшы Almaty Copa Run–да бақ сынасты», - дейді «Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Орталық стадионда қатысушылар кәсіби спортшылар жарысатын және көптеген рекордтар орнатылған аренада бәсекеге түсуге үшінші рет мүмкіндік алды. Біз қысқа және орта қашықтыққа жүгіру мәдениетін дамытуға қуаныштымыз. Мұндай жаттығулар жүгірушілерге техниканы жетілдіруге және жартылай марафон мен марафон сияқты ұзақ қашықтықты бағындыруға, жылдамдықты арттыруға көмектеседі".
Almaty Copa Run-ның әр мәрешісі естелік медаль алды. Дайындығы мүмкіндік берген тәжірибелі жүгірушілер өздерін бірнеше қашықтықта сынай алады.
«Бірінші болу – батылдық» қорының белсенді қатысушысы Райгүл Аймұрзиева жарқын үлгі болды. Ол екі қашықтықты бағындырды: 100 және 3000 метр.
«Мен 3000 метр мен 100 метр жүгірдім», – дейді Райгүл. - 100 метрді алғаш рет жүгірдім, сондықтан өз нәтижеме ерекше қуаныштымын! Іс-шара өте әсерлі болып шықты, адреналин қуаты мен жеткізілмейтін ляззат берді».
Almaty Copa Run жарысының ұйымдастырушысы 2012 жылдан бастап жыл сайын Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Marathon жүгіру іс-шарасын және басқа да бірқатар әуесқой жарыстарды өткізетін «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры болып табылады.
Еске сала кетсек, Almaty Half Marathon және Almaty Marathon-ға тіркелу ашық. Барлық жүгірістерге тіркелу almaty-marathon.kz сайтында іске асырылады.
Жарыстың титулдық серіктесі: Copa Store спорттық тауарлар дүкені.
ALMATY COPA RUN ұйымдастырушылары: "Бірінші болу батылдық" корпоративтік қоры, "Krida" фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және #Другой ты мультиспорттық Youtube-арнасы.