4 тамызда Алматы қаласы Баум тоғайында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының жаңа форматтағы жазғы эстафеталық жарысы – Summer Relay өтеді. Жаңа жүгіру жарысы – бұл 5 адамнан тұратын команданы жинап, әртүрлі санаттағы басқа командалармен бәсекелесудің бірегей мүмкіндігі, санаттар: ерлер, әйелдер, аралас және корпоративті.

Жарысқа тіркеліп және төлем жасау almaty-marathon.kz сайтында қол жетімді. Қатысу құны бір командаға 50 000 KZT құрайды. Тіркеу 25 шілдеде немесе командалардың жалпы санына жеткенде аяқталады.

«Жыл сайын біздің іс-шараларға корпоративтік командалар белсенді қатысады. Әдетте, олар 10 км қашықтықты таңдайды, бірақ көбінесе тиісті дайындықсыз сөреге шығып жатады. Осыған байланысты біз алдағы бес жылда осы санаттағы қатысушылардың белсенділігін арттыруға баса назар аударуды шештік. Summer Relay – осы бағыттағы алғашқы қадам. Біздің қордың стратегиясы іс-шаралар географиясын кеңейтуді де көздейді. Біздің күнтізбемізде Астана мен Түркістан бар, ал жақын арада тағы бір қаланы жариялайтын боламыз. Біз жарыстарымызбен бірге спорттық инфрақұрылым мен бұқаралық спорт дамып келе жатқанына сенімдіміз», - деп атап өтті «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Барлық мәреге жеткен спортшылар медаль алады, ал әр санаттағы үш команда медальдармен, серіктестердің сыйлықтарымен және мүсіншелермен марапатталады. 10 км қашықтығының «Business» санатындағы жеңімпаздар негізгі сыйлықтардан бөлек кубокпен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Осы жылдың 29 қыркүйегінде Орталық Азияның ең ауқымды жарысы – Almaty Marathon өтетінін еске салғымыз келеді. Жарыс жолының өзіндік тарихы бар және атақты бағыт болып табылады. Қатысушылар Алматы көшелерімен жүгіріп қана қоймай, әсем таулардың көріністерін тамашалап, қаланың барлық көрікті жерлерін көре алады. Almaty Marathon 2024-ке almaty-marathon.kz сайтында тіркелуге болады.

Титулдық демеуші: Kaspi.kz

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.


Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады