2024 жылы сөреде 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс және 3 км (10-14 жас аралығындағы балаларға арналған) қашықтықтар ұсынылады. Сонымен қатар, марафон аясында 35 жастан асқан қатысушылар арасында марафоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Марафон трассасы жұмсақ және жағымды бедерге ие, бұл оны әр түрлі деңгейдегі жүгірушілерге қол жетімді етеді. Жарыс бағыты Түркістанның көркем жерлері арқылы өтіп, қатысушыларға ежелгі қаланың сұлулығынан ләззат алуға мүмкіндік береді. Марафон AIMS халықаралық сөре және жүгіру қауымдастығына кіреді және трасса World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.

"Біз Қазақстанның ең әсем қалаларының бірі – Түркістанда марафон өткізуге қуаныштымыз. Жүгіру сізге көркем көріністерден ләззат алып қана қоймай, аймақтың бай тарихы мен мәдениетін сезінуге мүмкіндік береді. Бұл іс-шара жарқын спорттық оқиға болып, туризмнің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Өңірлерге шығу біз үшін де маңызды, өйткені жүгірумен қатар инфрақұрылым да дамуда", – деп атап өтті "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов. 

Айта кету керек, Kaspi.kz Turkistan Marathon-ның титулдық демеушісі атанды және бұл серіктестік бес жылға созылады. Естеріңізге сала кетейік, Kaspi.kz жеті жылдан астам уақыт бойы "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының — Almaty Marathon көшбасшы  жобасының, сондай-ақ маусымдық жарыстарының титулдық демеушісі. 

"Kaspi.kz-пен серіктестік Turkistan Marathon-ды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы серіктестіктің арқасында біз Қазақстандағы бұқаралық спортты дамытудағы ықпалымызды одан әрі кеңейте аламыз. Түркістанда біз 2022 жылдан бастап марафон өткіземіз және осы іс-шараның арқасында жаңа жүгіру клубтары пайда болып, спорттық инфрақұрылым дамып келе жатқанын көреміз. Біз Kaspi.kz-пен бірге Turkistan Marathon-ды өңірдегі ең ауқымды және беделді спорттық іс-шаралардың біріне айналдыратынымызға сенімдіміз", - деп бөлісті "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Барлық мәреге жеткендер медаль алады, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тіркелу Almaty-marathon.kz сайтында ашық.

Титулдық демеуші: Kaspi.kz

Turkistan Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Другой ты Youtube-арнасы. 

Jañalyqtar
Түркістан жүгірушілерді шақырады: Turkistan Marathon 27 қазанда өтеді
Almaty Marathon 2024: Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру оқиғасы қалай өтті
Almaty Marathon 2024: 29 қыркүйекте Алматыдағы жолдардың бір бөлігі жабылады