2025 жылдың 20 сәуірінде сегізінші Almaty Half Marathon өтеді. Биыл сөреге әлемнің 40-тан астам елінен өз күштерін сынауға дайын 10 000 адам шығады. Almaty Half Marathon ұйымдастыру комитеті оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына жүгіру күні, 20 сәуірде, жолдардағы қозғалыс ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

20 сәуірде жартылай марафон өткізілетін уақытта сағ. 00:00-ден 11:00-ге дейін жартылай марафон қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 7:00-де Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 20 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 6:45-тен 09:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:10-тан 08:30-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 8:30-дан 11:00-ге дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-дан 09:00-ге дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:20-дан 10:40-қа дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Almaty Half Marathon 2025 жарысының (20.04.2025) өтуіне байланысты жолдардың жабылу кестесі

2025 жыл 20 сәуір

сағ. 00:00-ден бастап 11:00-ге дейін

Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Навои көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы ашық болады.

сағ. 06:45-тен 09:30-ға дейін

Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

сағ. 07:10-нан 08:30-ға дейін

Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)

сағ. 08:20-дан 10:00-ге дейін

Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін) 

Батыс жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

сағ. 08:30-дан 11:00-ге дейін

Абай даңғылы (Саин көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

сағ. 07:20-дан 09:00-ге дейін

Абай даңғылы (Сейфуллин көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1)Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2)Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3)Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4)Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5)Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6)Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

 

Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолданбасында құруға болады. Сөре қалашығы (Тұңғыш Президент саябағы) мен мәре қалашығының (Орталық стадион) жанында көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтынына назарларыңызды аударамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 20 сәуірінде (жексенбі) Алматыда жыл сайынғы Almaty Half Marathon өтеді. Биылғы жылы жартылай марафон осымен сегізінші рет өткізілмек. Сөреге 10 000 спортшы мен әуесқой жүгіруші шығады. 

Атап өткен жөн, бұл шара AIMS (Association of International Marathons and Distance Races) Халықаралық марафондар мен қашықтық жарыстары қауымдастығына енгізілген, бұл ұйымдастырудың жоғары сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді. Жартылай марафон жарыс жолы World Athletics талаптарына сәйкес сертификатталған. Іс-шараны ұйымдастырушы - «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, ол 2012 жылдан бастап Қазақстанда бұқаралық спортты дамытумен белсенді түрде айналысып келеді және жылына 10-нан астам спорттық іс-шара өткізеді.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы - Almaty Marathon-ға тіркелу жалғасуда, ол 2025 жылдың 28 қыркүйегінде өтеді. Марафонға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді.

Сөре уақыты:

07:00 – 10 км және скандинавиялық жүріс қашықтығының сөресі.

08:00 – 21,1 км қашықтығының, Элита және Экиден эстафетасының сөресі.

Almaty Half Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы,  академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен.

Jañalyqtar
Алматыда жартылай марафонның екі қатысушысы қайтыс болды
Almaty Half Marathon: 20 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады
«Түркістанға апарар жол»: Almaty Marathon және Қанат Бейсекеевтің жаңа деректі фильмі