2025 жылғы 26 қазанда Түркістанда төртінші рет «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған Turkistan Marathon өтеді. Ежелгі қаланың әдемі көшелерімен 20-дан астам елден келген 3000 қатысушы жүгіреді. Марафонның сөресі мен мәресі Karavan Saray кешенінің жанында орналасады, одан әрі бағыт Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай және кері мәреге қарай өтеді.

Дәстүр бойынша қатысушыларға 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық серуендеу және 3 км (10-14 жас аралығындағы балалар үшін) қашықтықтар ұсынылады. Бағыт Түркістанның әдемі жерлерімен өтеді. Жол жазық – күрт көтерілу мен түсу жолдары жоқ, биіктігі шамамен 70 метрді құрайды, сондықтан ол жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі жүгірушілерге де жарамды. Жүгіру өзіңді тек қашықтықта сынап қана қоймай, мәдениеті, тарихы және шабыттандыратын атмосферасы бар ежелгі қаланы көруге мүмкіндік береді.

Марафон халықаралық мәртебеге ие: жүгіру World Athletics стандарттары бойынша сертификатталған және Халықаралық марафондар мен жүгіру қауымдастығына (AIMS) кіреді. Сонымен қатар, Turkistan Marathon түркі елдерінің ірі марафондарын біріктіретін TAN (Turkic Alliance of Long Runs) сериясының бөлігі болып табылады.

«Осы жылдан бастап Turkistan Marathon түркі халықтары марафондарының алғашқы альянсы – TAN сериясының құрамына енді. Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның осы қозғалыстың бір бөлігіне айналғаны біз үшін маңызды. Марафон адамдарды біріктіреді, қалаларды ашуға, мәдениетпен танысуға шабыттандырады және өңірдің спорт және жүгірушілер үшін тартымдылық орталығы ретіндегі позициясын нығайтады», – деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Барлық мәреге жеткендер медальға ие болады, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында ашылған.

Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Басты демеуші: Kaspi.kz.

Turkistan Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы және Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры.

Jañalyqtar
Рекордтар жылы: City Run 2025 жылдың ең ірі жүгіру маусымын қорытындылады
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты
Трассадағы гидратация және тамақтану: нені білу қаже?