26 қазанда Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен төртінші Turkistan Marathon өтті. 3 000 қатысушы түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан қаласының көшелерімен жүгіріп өтті. Биыл марафонға 365 шетелдік қатысушы қосылды – бұл жалпы қатысушылардың 12%-ынан астамын құрайды.

Қатысушылардың көпшілігі Қазақстан қалаларынан келді (2094 адам). Олардың арасында ең жасы үлкен қатысушы — Щучинск қаласынан келген 91 жастағы Салиха Зигангерова болды.

Ең көп өкілдік еткен елдер қатарында көршілес Қырғызстан (147), Өзбекстан (109) және Ресей (72) бар. Сондай-ақ марафонға Азия және Тынық мұхиты өңірлерінен (12), Еуропадан (16), Солтүстік және Латын Америкасынан (4), Африкадан (3) және Таяу Шығыстан (2) спортшылар келді.

Қатысушылар 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс және 3 км (10–14 жас аралығындағы балалар үшін) қашықтықтарында жүгірді. Нәтижелер World Athletics және AIMS (Халықаралық марафондар және жарыстар қауымдастығы) сертификаттары арқылы халықаралық деңгейде мойындалады.

Биыл бірден үш ірі жарыс жолының рекордын өзбекстандық спортшылар орнатты. Андрей Петров марафон қашықтығын 2 сағат 16 минут 58 секундта жүгіріп өтті. Әйелдер арасында 42,2 км қашықтықтың рекордын Екатерина Тунгускова жаңартты — 2 сағат 40 минут 45 секунд. Ал Алишер Ахматалиев 10 км қашықтықты 30 минут 31 секундта бағындырды.

Жыл басында Turkistan Marathon тюркі елдерінің алғашқы ұзақ қашықтықтағы жүгіру сериясы — Turkic Alliance of Long Runs (TAN) альянсына қосылды. Альянстың 35 марафоншысы Түркістанда жүгіріп, тюркі әлемі бойынша өздерінің жүгіру сапарын жалғастыруда. TAN аясындағы бес жарысты аяқтаған спортшылар ерекше медаль мен ұмытылмас әсерге ие болады.

«TAN сериясы түркі халықтарының бірлігін білдіреді. Біз үшін ерекше мәнге ие, өйткені дәл түркі әлемінің рухани астанасында өтетін Turkistan Marathon осы қозғалыстың бөлігіне айналды. Бұл марафон адамдарды біріктіріп, жаңа қалаларды ашуға, мәдениетпен танысуға және өңірдің спорт орталығы әрі желаяқтар тарту нүктесі ретіндегі мәртебесін нығайтуға шабыт береді», — деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Бас серіктес: Kaspi.kz

Ұйымдастырушылар: «Смелость быть первым» корпоративтік қоры, Krida фитнес-клубы және академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Jañalyqtar
Рекордтар жылы: City Run 2025 жылдың ең ірі жүгіру маусымын қорытындылады
Turkistan Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты
Трассадағы гидратация және тамақтану: нені білу қаже?