Биыл Алматыға 44 елден 900-ге жуық желаяқ келіп, тоғыз жыл ішіндегі шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнады. Жарыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Жарыс тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Қатысушылардың дені қазақстандық болғанымен, жыл сайын қатысушылар географиясы кеңейіп келеді. Биыл жарысқа 821 шетелдік спортшы (жалпы санының шамамен 8%-ы) арнайы қатысу үшін Алматыға келді.

Ең көп қатысқан елдер: Ресей (346), Қырғызстан (146) және Өзбекстан (81). Сонымен қатар Қытай (37), АҚШ (32), Ұлыбритания (28), Украина (21) және Беларусь (18) елдерінен де қатысушылар болды. Бұл дода Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келді. 

«Спорттық туризм – қаланы халықаралық деңгейде танытудың ең тиімді құралдарының бірі. Сондай-ақ, жүгірушілер көбіне жалғыз келмейді, олармен бірге отбасы мүшелері мен достары да келеді, бұл өз кезегінде туристер санын арттырады. Көптеген шетелдік қонақ үшін бұл жарыс Қазақстанмен алғашқы таныстыққа айналып, қайта оралуға себеп болады. Біздің зерттеуімізге сәйкес, басқа қалалардан және шетелден келген қатысушылардың 79,3%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа сапарлар мен қаланың инвестициялық тартымдылығы артатынын білдіреді», – деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов. 

Айта кетерлігі, бұл жолы мәреге жету аймағында ана мен бала бөлмесі, бөлек санитарлық тораптар ұйымдастырылып, ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы дәретханалар орнатылған. 

Jañalyqtar
Қашықтыққа дайынсыз ба? Almaty Marathon алдында қайда тексеруден өтуге болады?
Almaty Marathon-ның 15 жылдығына орай Алматыда жаңа мурал ашылды
Жүгірушінің жүрегі: жарыс алдында нені білу маңызды?