Шетелдік қатысушылардың ең көбі Ресейден – 91 адам, Өзбекстаннан – 28 және АҚШ-тан – 17 адам. Сондай-ақ жарысқа Қытайдан 15, Қырғызстаннан 14, Франциядан 11, Оңтүстік Кореядан 6, Ұлыбританиядан 6, Польшадан 5 және Германиядан 5 адам қатысты. Жарыс географиясы Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Таяу Шығыс пен Мұхит елдерін қамтыды.

Шетелдік қатысушылар арасында жарыстың жоғары сұранысқа ие болуының басты себептерінің бірі – қаланың негізгі көрікті жерлерін қамтитын бағыты. Бағыт Тәуелсіздік алаңынан басталып, "Арқар" және "Сығанақ – Мәңгілік Ел" көпірлері арқылы өтіп, "Ақорда", Есіл өзенінің жағалауы, "Бәйтерек" монументі, Abu Dhabi Plaza кешені және EXPO аумағын қамтыды. Мұндай маршрут қала қонақтарына спорттық іс-шараға қатысып қана қоймай, Астананың заманауи сәулетімен және көрнекті орындарымен танысуға мүмкіндік берді.

"Жыл сайын Astana Half Marathon әлемнің әртүрлі елдерінен келетін қатысушылар санын арттырып келеді. Бұл жарыстың халықаралық мәртебесінің өсіп келе жатқанын және Астананың әлемдік жүгіру картасындағы орнын нығайтып жатқанын көрсетеді. Мұндай қызығушылықтың себептерінің бірі – ұйымдастыру деңгейінің жоғары болуы. Astana Half Marathon Халықаралық марафондар мен жүгіру жарыстары қауымдастығына (AIMS) кіреді, ал оның бағыттары World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған. Бұл қашықтықтың дәлдігін және нәтижелердің әділдігін қамтамасыз етеді. Сондықтан көптеген тәжірибелі желаяқ жеке рекордын жаңарту үшін Астанадағы жарысты таңдайды. Жүгіріп өткен қала көшелері олардың жадында сақталады. Astana Half Marathon – елорда үшін өзін мыңдаған қатысушы мен қонаққа әкімшілік орталық ретінде ғана емес, сонымен қатар заманауи, белсенді әрі ашық қала ретінде таныту мүмкіндігі", – деді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Ақпарат көзі: https://inbusiness.kz/kz/last/astana-half-marathon-2026-sheteldik-katysushylar-sany-bojynsha-rekord-ornatty

Jañalyqtar
Мерейтойлық Almaty Marathon жаңа бағыттармен өтіп, 16 мың қатысушыны жинайды
Алматының тарихи орталығындағы кешкі жүгіру жарысына 1300 адам қатысты
Summer Relay 2026: аптап ыстыққа байланысты балалар қашықтықтары қысқартылады