Бүгін Бірінші Президент Саябағында осы жылдағы «Алматы марафоны» - Қыстық жүгіру» бірінші маусымдық жүгіруі өтті. Сөреге қатысушылардың рекордтық саны - шамамен 1 000 жүгіру және белсенді өмір салтының әуесқойы шықты.

Дәстүрліге айналған жүгіру осымен төртінші рет өтті. Алғашқылар болып таңғы сағат 8.30 10 - 14 жас аралығындағы балалар – шамамен 90 жас спортшы жарысты бастап кетті. 3 км жүгіріп өтудегі ең жақсы нәтижелерді ұлдар арасында: Александр Тен және қыздар арасында Мансурова Санам көрсетті. Абсолютті жеңімпаздар болып Михаил Красилов және Естерекова Аида атанды. Ер адамдар мен әйелдер арасында ең жақсы нәтижелер көрсеткен 3 мәреге жеткендер 200 000 теңге мөлшеріндегі жалпы жүлде қорын бөлісті, ал өз жастағы санаттардағы жеңімпаздар серіктестерден сый-сыяпат алды. Эстафетада ең жақсы нәтижелерді EsentaiFitandSPA командасы көрсетті.

НӘТИЖЕЛЕР

- Қатысушылар саны бойынша күткеніміздей болды: алғашқы рет Қыстық жүгіру сөресіне 1 000 адам шықты, жартысынан көбі ең танымал жас санаты - 15-34 аралықтағы жас болды. Спорт, оның ішінде, жүгіру қоғамның барлық шарттылығын еңсеруде: жүгіруге «Спорт без границ» («Шексіз спорт») бірегей жобасын танытатын зағиптар тобы қатысты. Олар үшін қатысу тегін болды, - деп «Алматы марафоны» директоры Салтанат Казыбаева түсініктеме берді.

Қыстық жүгіру 2018 жылғы «Алматы марафонына» дайындалудың кезекті кезеңіне айналды. Келесі жарыс 17 наурызда сөреге шығатын Көктемгі жүгіру болады. Тіркеу 26 ақпанда ашылады.

Орталық Азияның басты жүгіру шарасы -  халықаралық қайырымдылық «Алматы марафоны» - жетінші рет 22 сәуірде өткізіледі. Ең көлемді спорт оқиғасына тіркелу 10 сәуірге дейін созылады. 

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады