Алматы Марафоны дәстүрлі маусымдық жүгіруіне – Көктемгі жүгіруге тіркеу ашық екендігін жариялаймыз. Ол 17 наурыз күні Әл-Фараби даңғылымен өтеді.

Барлық жүгіруді ұнататын тұлғалар www.almaty-marathon.kzсайтында онлайн-тіркеліп, сөрелік жарнаны енгізуі тиіс.

14 км жүгіруге қатысу үшін – 3000 теңге;

3 км ге жүгіруге қатысу үшін – 500 теңге.

Негізгі қашықтық – 14 км (15-34, 35-49, 50+) және 10 жас пен 14 жас аралығындағы қатысушыларға арналған 3 км балалар қашықтығы. Қатысушылардың максималды саны – 1 000 адам.

Сөрелік нөмірлері жоқ қатысушылар жарысқа қатысуға рұқсат етілмейді.

Жалпы жүлде қоры 200 000 теңгені құрайды. Ол ерлер мен әйелдер арасында абсолютті есептеуде алғашқы 3 озық нәтиже көрсеткен қатысушылар арасында бөлінеді. Барлық қатысушылар мәреде жүгіру төсалқасын, ал жеңімпаздар (1 орыннан бастап 3 орынға дейін) – жүлделі төсалқаларды, мақтау қағаздарын және серіктестерден сыйлықтар алады.

20 қаңтардан бастап 14 сәуірге дейін әр сенбі сайын Алматы Марафоны барлық келем деушілерге Бірінші Президент Саябағында таңертеңгі сағат 10-нан 11-ге дейін ашық жаттығулар өткізеді, кіру тегін. Жаттығуды арнайы әзірлеген жоспар бойынша спорттың циклдік түрлер мектебінің тәжірибелі жаттықтырушысы Никита Федотовских өткізеді, ол кез келген қашықтыққа жылдамдықты және төзімділікті дамытуға бағытталған жалпы дамытатын және арнайы жүгіру жаттығуларынан тұрады.

Көктемгі жүгіру 22 сәуірде осымен жетінші рет өтетін халықаралық қайырымдылық Алматы Марафонына дайындық кезеңінде осы жылда екінші маусымдық жүгіру болады. Марафонға тіркелу 10 сәуірге дейін ашық болады.

Jañalyqtar
Taraz City Run: маусымның соңғы жарысы әлемнің 14 елінен 1500 қатысушыны жинады
Turkistan Marathon: әлемнің 21 елінен 3000 спортшы ежелгі қала көшелерімен жүгірді
27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады