Алматы Марафоны – жеті жыл бойы сөреде мыңдаған адамдардың басын қосатын спорт пен қайырымдылықтың үлкен мерекесі. Осындай аса ірі шараны қала басшыларының және серіктестердің қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Міне сондықтан компания қолдауларын асыра бағалау мүмкін емес дерлік.
Соңғы 2 жыл бойы Орталық Азияның ең ауқымды спорт шарасының басты серіктесті болып Kaspi табылады.
Kaspi міндеті – сүйікті клиенттерінің өмірлерін жақсарту. Бұл міндет рухы жағынан салауатты өмір салтын білдіретін Алматы Марафоны идеясына өте жақын.
Kaspi жобаға қаржылай көмек беріп қана қоймай, сонымен қатар, марафонды дайындап, өткізудің барлық кезеңдеріне ат салысады.
Kaspi қызметкерлері арасында жүгіруді жақсы көретіндер өте көп. Екінші жыл қатарынан Марафонға Алматыдағы және өңірлік бөлімшелердегі Kaspi он шақты қызметкері қатысатын болады. Kaspi корпоративтік командалары дәстүрлі түрде Экиденде үздіктер қатарына кіреді.
Kaspi бастамасымен 2017 жылы Алматы Марафонында алғаш рет толық марафондық қашықтықта – 42 км 195 м абсолютті есебінде жеңімпаздарға ақшалай жүлделі қор енгізілген. Жалпы жүлде қоры 1 миллион 600 мың теңгені құрады. 2018 жылы дәстүр жалғасын табады, ең озық марафоншылар ақшалай жүлдеге ие болады.
Kaspi Серіктестікте болу қатысушылар үшін техникалық мүмкіндіктер шектерін де кеңейтті. Енді Алматы Марафонына және маусымдық жүгірулерге қатысу үшін салынатын сөрелік жарнаны комиссиясыз Kaspi.kz сайтында төлеуге болады.
Сөрелік жарналардан алынған барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарына барады. Өткен жылы әлемнің 40 елінен 13 000 астам қатысушыны жинады.
Жиналған қаражат есебінен денсаулығының күрделі ақаулығы бар балалар оқитын және ем алатын алты балалар мекемесіне көмек көрсетілді. Мектеп-интернаттарда және сәбилер балабақшасында футбол алаңы, скалодром, балет класы, сенсорлық бөлме, қалпына келтіретін тренажерлер және спорт керек-жарақтары пайда болды.
2018 жылдың Алматы Марафоны қорытындысы бойынша интеллектуалдық даму ауытқулары бар балаларға арналған №6 мектеп-интернатында, Есік қаласындағы көру қасиеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернатында, сондай-ақ, «Я с тобой» онкологиялық аурумен ауыратын балаларға арналған бірінші балалар хосписінде республикалық маңызды жобалар жүзеге асырылатын болады.